"131 млн теңгені өзара бөліп алған". Жаңаөзенде ауруханаға бөлінген қаражатты жымқырған күдіктілер ұсталды

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Күдіктілер қатарында аурухана директорының орынбасары мен әкімінің бұрынғы орынбасары бар.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасына демеушілік көмек ретінде бөлінген қаражаттың жымқырылуына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

2025 жылы Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы күйік бөлімшесін ашуға демеушілік көмек көрсету туралы "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ға өтініш жасаған. Жобаны іске асыру үшін 223 млн теңге бөлініп, қаражат "ӨзенМұнайГаз" АҚ арқылы "Жарылқау" қоғамдық қорына аударылған.

Бастапқыда жоба аясында медициналық жабдықтың сегіз түрін сатып алу және мамандарды оқыту жоспарланған. Алайда кейін жобаның шарттары өзгертіліп, бөлімшені толық жабдықтаудың орнына қоғамдық қор, қалалық аурухана және "AKBS Invest" ЖШС арасында құны 210 млн теңге болатын екі арнайы медициналық кереует сатып алу туралы үшжақты шарт жасалған. Тергеу нұсқасы бойынша, сатып алу заң талаптарын айналып өту арқылы жүргізілген. Мұндай құны жоғары медициналық техниканы заңнамаға сәйкес Бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алу қажет.

Тергеу мәліметінше, іске қалалық аурухана директорының орынбасары, "Жарылқау" қоғамдық қорының басшысы, Жаңаөзен қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары және өнім берушінің қатысы бар.

Медициналық жабдықты сатып алуға 92 млн теңге ғана жұмсалған. Қалған қаражат үлестес кәсіпорындар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, іске қатысушылар арасында бөлінген.

Сондай-ақ "AKBS Invest" ЖШС өкілі қылмыстық жолмен алынған қаражатқа Астанадан пәтер сатып алып, оны үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген деген күдік бар.

Жаңаөзен қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы бойынша лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану дерегімен тергеу басталған.

Үш күдікті қамауға алынған. Сот санкциясымен олардың мүлкіне, оның ішінде үш пәтерге, екі тұрғын үйге және автокөлікке тыйым салынған.

Тергеу жалғасып жатыр. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау