"1,25 млрд теңгенің жобалары жүзеге асырылып жатыр". Тоқаев ҚазҰУ-дың ғылыми жобаларымен танысты

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Президент Farabi Hub пен суперкомпьютер кластерінің жұмысымен танысты.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты, деп хабарлайды Ақорда.

Университет ректоры – басқарма төрағасы Жансейіт Түймебаев мемлекет басшысына Инновациялық өнімдер орталығы мен Farabi Hub алаңындағы жоғары технологиялық жобаларды таныстырды.

Оның айтуынша, аталған хаб экономиканың нақты секторына инновациялық әзірлемелер енгізуге бағытталған. Қазіргі таңда мұнда креативті индустрия, жасанды интеллект және стартап жобалары жүзеге асырылып, 300 жаңа жұмыс орны ашылған. Сондай-ақ 20 миллион доллардан астам инвестиция тартылған.

Сонымен қатар университетте жалпы құны 1 миллиард 250 миллион теңгені құрайтын төрт ірі жоба іске асырылып жатыр.

Президент "Қашықтан зондтау және оны қолдану технологиясы" зертханасының жұмысымен де танысты. Бұл зертхана Қытай Ғылым академиясымен бірлесіп ашылған. Мұнда жасанды жер серіктерінің деректері негізінде Орталық Азиядағы климат пен экология өзгерістері зерттеледі.

Сондай-ақ мемлекет басшысы "Цифрлық технологиялар мен роботты техника" халықаралық институтын, Роботты техника орталығын және Қазақстан–Сингапур кванттық технологиялар орталығын аралап көрді. Университет базасындағы суперкомпьютер кластеріне де назар аударылды. Бұл жобаға 23 миллион доллар инвестиция тартылған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз