Тікелей эфир

1,2 млн теңге шығын: Қостанайда шіркеу заттарын ұрлаған күдікті құрықталды

Шығын көлемі – 1,2 млн теңге.

Осы жылдың қаңтар айында күдікті ғибадатханаға жасырын кіріп, шамамен 1,2 млн теңгеге екі қола крестті, потирді, дискосты, діни қызметкердің қола крестін, конфессиялық інжілді ұрлап кеткені анықталды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Ұрлық жасағаны үшін ол екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүкін.

"Сол күні теміржол вокзалында полицейлер Павлодардың 58 жастағы тұрғынын ұстады. Жасырын ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында қамауға алынды", – деді Қостанай қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Ербол Қарымсақов.


Оқи отырыңыз: 19-21 жас аралығындағы жігіттер: Қарағанды облысында мал ұрлығымен айналысқан топ ұсталды


Полицейлерге Қазақстан Православие шіркеуі басшысының алғыс хаты келіп түсті.

Серіктестер жаңалықтары