11 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде қар, бұрқасын және көктайғақ болады

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
Қазақстанның бірқатар облысында ауа райы күрт бұзылады.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 11 ақпанға арналған ауа райына байланысты бірқатар өңірде дауылды ескерту жариялады.

Елдің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында қар, бұрқасын, көктайғақ және екпіні 23–28 м/с-қа дейін жететін қатты жел күтіледі. Кей өңірлерде тұман түсіп, жол қозғалысына қауіп төнуі мүмкін.

Астана мен Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар облыстарында боран соғып, жел күшейеді. Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын болжанады.

Оңтүстік өңірлерде де ауа райы тұрақсыз болады. Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында жауын-шашын, көктайғақ, жаяу бұрқасын және тұман күтіледі. Шымкент пен Таразда кей уақытта қатты жауын-шашын болуы ықтимал.

Маңғыстау облысы мен Ақтауда көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында тұман түседі. Алматы облысында желдің екпіні 18–23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Синоптиктер тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға, ал жүргізушілерді жолда абай болуға шақырды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз