Тікелей эфир

10 сәуір – Ораза айт күні сәресін ішу міндет пе? ҚМДБ өкілінің жауабы

Айт күні ораза ұстауға тыйым салынған.

ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл Ораза айт күні мешітке барудан бұрын дәм ауыз тию – мұстахап, яғни ұнамды іс екенін айтады. Мұны ол хадистерге сүйене отырып түсіндіреді:

  • "Ораза айт күні мешітке барудан бұрын дәм ауыз тию – мұстахап (ұнамды іс)" (Фатху бабил-ғиная, 1/573);
  • "Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза айт күні тамақ ішпей мешітке шықпайтын еді" (Тирмизи, Ибн Мажә).

"Егер айт намазы күн найза бойы көтерілгеннен кейін оқылатынын ескерсек, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айт мерекесі күні күн шыққаннан соң тамақтанғанын түсінеміз. Демек, оның ішкені сәресі емес", – дейді Хасан Аманқұл.


Оқи отырыңыз: 


Оның сөзінше, ораза ұстаған адам сәресін таң атқанға дейін ішу керек. Ал шариғат бойынша айт күні ораза ұстауға рұқсат етілмейді. Өйткені, хадистерде "Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдарға ораза және құрбан айт күндері ораза ұстауға тыйым салатын" деп айтылған (Бухари).

"Сондықтан, ораза айт күні мұсылмандар ораза күні сияқты сәресін ішпейді, күндіз ауызы ашық болады", – деді ҚМДБ өкілі.

Серіктестер жаңалықтары