Тікелей эфир

10-30 пайызға дейін өседі: Қазақстандықтар коммуналдық қызметке қанша төлейді?

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, барлық коммуналдық қызметтері орташа есеппен 3-4 мың теңгеге артады.

Биыл 1 шілдеден бастап тарифтер мен инвестициялық бағдарламаларды өзгертуге 212 өтініш мақұлданды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров үкімет отырысында айтты.

Оның айтуынша, коммуналдық қызмет тарифтері орта есеппен 10-30 пайызға дейін өседі.

"Екі бөлмелі пәтер үшін жылу бойынша орташа есеп 1620 теңгеге немесе 20 пайызға, электрмен жабдықтауда – 660 теңгеге немесе 20 пайызға; сумен жабдықтауда – 200 теңгеге немесе 25 пайызға; су бұру бойынша – 220 теңгеге немесе 30 пайызға артады. Осылайша, барлық коммуналдық қызметтер бойынша орташа өсу шамамен 3-4 мың теңгені құрайды", – деді Әлібек Қуантиров.

Оның айтуынша, тарифтердің өсуі аз қамтылған отбасылардың табысына әсер етпейді. Жергілікті бюджет есебінен аз қамтылған отбасыларға коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегі беріледі.

"Бұл өте қалыпты өсім, бұдан басқа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын тиімді ұстау мүмкін емес. Тарифтер мәселесінде біз ортасын ұстануымыз керек", – деді үкімет басшысы Әлихан Смайылов.

Серіктестер жаңалықтары