Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 499-500 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 502,82 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 500,38 теңге. Еуро 542,20-546,56 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 505,02 теңге, сатып алу құны — 499,05 теңге. Еуро 548,29 теңгеден сатылып, 541,30 теңгеден сатып алынады.
31 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы қымбаттап, 504,44 теңге болған.
USD:
480.7 / 483.5
EUR:
556.5 / 561.5
RUB:
5.75 / 5.95