Тікелей эфир

1 қыркүйектен бастап студент, магистрант және докторанттар қанша стипендия алады

Ал 2025 жылғы 1 қыркүйекте шәкіртақы 15-20 пайызға тағы артады.

Қазақстанда 2020 жылдан бері стипендияны көбейту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр. Соның аясында 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап колледждер мен ЖОО студенттеріне арналған стипендиялар артады. 

Стипендия қалай өседі?

  • колледж студенттері үшін шәкіртақы 50 пайызға артып, жұмысшы мамандықтары бойынша 43 574 теңгені, орта буын мамандары үшін 41 896 теңгені құрайтын болады;
  • бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20 пайызға артып, 47 135 теңгеге дейін, ал педагогика және медицина бағыттарындағы білім алушылардың стипендиясы 75 600 теңгеге дейін ұлғаяды;
  • интернатурада оқитындарға стипендия 85 376 теңге, ал резидентурада – 123 122 теңге көлемінде төленетін болады;
  • магистранттар мен докторанттарға стипендия 15 пайызға ұлғайтылады, оның мөлшері тиісінше 107 061 теңгені және 240 мың теңгені құрайды. 

Сондай-ақ, 2025 жылғы 1 қыркүйекте шәкіртақы бакалавриат студенттеріне 20 пайызға, магистранттар мен докторанттарға 15 пайызға көбейеді.

2020 жылдан бастап стипендияны көбейту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде 2025 жылға қарай ЖОО мен колледж студенттерінің стипендиясы екі есеге, магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есеге өседі.

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап тағы қандай өзгерістер болатынын білгіңіз келсе, Информбюро порталының шолуын оқыңыз. 


Оқи отырыңыз: Стипендия, коммуналдық ақы және несие алу тәртібі. 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда не өзгереді


 

Серіктестер жаңалықтары