1 қыркүйек – демалыс: мектептер сабақты 2 қыркүйекте бастайды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
1 қыркүйек күні бірінші сынып оқушылары үшін ғана алғашқы қоңырау соғылады.

30 тамыз Конституция күні мерекесіне орай жаңа оқу жылын бастау күні ауысты. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.

Биыл, 2025 жылдың бірінші қыркүйегі дүйсенбіге тұспа-тұс келіп тұр. Алайда, Конституция күніне байланысты қазақстандықтар 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек күндері қатарынан үш күн демалады. 

Министрдің мәліметінше, 1 қыркүйек күні бірінші сынып оқушылары үшін ғана алғашқы қоңырау соғылады. 

"Кейде бірінші қыркүйек демалыс күндеріне түсетіні белгілі. Сондай жағдайларда еліміздің педагогикалық кеңесі жиналып, шешім қабылдайды. Педагогикалық кеңесте сабақ ресми түрде 2 қыркүйектен басталады деген шешім қабылданып отыр. Бірақ, бірінші сыныпқа қатысты символдық сәт болғандықтан, бірінші сынып оқушылары үшін 1 қыркүйекте алғашқы қоңырау соғуға рұқсат бердік", – деді Ғани Бейсембаев.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз