Тікелей эфир

Шымкентте "Менің ғұмырдариям" атты жас ақындар мүшәйрасы өтеді

Жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Қазақ радиосының 100 жылдық мерейтойына және қарттар күніне арналған "Менің ғұмырдариям" атты қалалық жас ақындар байқауы өтеді. Мүшәйраның мақсаты жастардың бойындағы отансүйгіштік қасиетті арттырып, туған даласына, туған тіліне, өз ұлтының рухани қазыналарына деген көзқарас пен сүйіспеншілікті қалыптастыру. Сондай-ақ, жас қаламгерлердің бойындағы ақындық дарынын дамытып, шығармашылық қабілетін арттыру.

Мүшәйраның шарттары мен талаптары:

  • Қатысушы Қазақ радиосының 100 жылдық мерейтойына немесе қарттар күніне арнап 1 өлең жазуға міндетті.
  • Конкурсқа 14-тен 25 жасқа дейінгі автор қатыса алады.
  • Өлеңдер мен өтініштер 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін қабылданады.
  • Өлеңмен бірге төлқұжат көшірмесі де жіберілуі тиіс.
  • Мүшәйраға мәтін көлемі 7 шумақтан кем емес (А-4 форматында, Times New Rоman қарпімен, 14 мөлшерде, 1,0 аралықта) жұмыстар қабылданады. Ұйымдастырушы алқаның электронды мекенжайы – Alisher.alimzhan@mail.ru
  • Мүшәйраға қатысушы өтініште өзінің толық аты-жөні, оқу орны немесе жұмыс орны, байланыс телефонын көрсетуі тиіс.

Мүшәйра жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Өлеңнің ұйқасы мен мағынасына, тақырыптың маңыздылығы мен толығымен ашылуына қарай өлеңдер іріктеліп алынады. Іріктеу кезеңнен өткен қаламгерлер сахнада тақырып бойынша жазған және еркін тақырыпта бір өлеңін оқиды.

Байқау 1 қазан күні "Қаратау" дәстүрлі өнер мектебінің үлкен залында өтеді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары