Процесс көлік иелерінің қатысуынсыз жүзеге асады.
90 мың шағын фургон үшін көлік салығы азаяды. Салық кодексіне тиісті түзетуді мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобасында қолданыстағы заңнамадағыдай шағын фургондарға салықты қозғалтқыш көлеміне емес, жүк сыйымдылығына қарай салу ұсынылды. 90 мыңнан астам көлікке қатысты норма 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Салықты төлеу мерзімі келер жылы ғана көрсетіледі.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин тиісті мемлекеттік құрылымдардың салықты осы жылы төлеп қойған азаматтарға назар аударуы тиіс екеніне тоқталды.
"Осы норманың арқасында "Газель" жүк көліктерінің иелері жаңа жылға жақсы сыйлық алады. Қазір ең бастысы – мемлекеттік органдардың іс жүзінде осы заңнамалық норманың ретроспективасын ескере отырып барлық қажетті есептеуді жедел, бюрократиясыз жүргізуі", – деп қосты Нұрлан Нығматулин.
Мұнымен қатар, мәжіліс спикері бұл процестің көлік иелерінің қатысуынсыз, проактив форматта жүзеге асатынын түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
"Азаматтар ешқайда барудың қажет еместігін, мұның барлығы автоматты түрде жасалатынын білуі тиіс. Егер түсіндіру жұмыстары дер кезінде жүргізілмейтін болса, азаматтар ХҚКО-ға барып, Call орталықтарға қоңырау шалып, мемлекеттік органдардың блогтарына хат жаза бастайды. Осы жақсы нормаға қатысты түсіндіру жұмыстарын біздің азаматтарымызға сай етіп жүргізу қажет. Адамдар қызметті проактив формада алуға болатынын білуі тиіс", – деді Нұрлан Нығматулин.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Түркістан облысында ірі жасырын есірткі бизнесі мен зертханасы анықталды
-
319
-
0
-
3
-
-
2🚑 Қазақстан өңірлік онкоорталықтарға заманауи жабдықтар сатып алады
-
293
-
0
-
0
-
-
3📣 Бүгін сағат 10:00-де Парламенттің VIII шақырылымының бірінші сессиясы өтеді
-
275
-
0
-
0
-
-
4⚡️Қасым-Жомарт Тоқаевтың парламенттің бірінші сессиясы ашылуындағы сөзі басталды
-
265
-
0
-
0
-
-
5⚡️Президент сөзінен үзінді:
-
269
-
1
-
4
-
-
6⚡️Қазақстан үкіметі өкілеттігін доғарады
-
259
-
0
-
0
-
-
7⚡️Президент сөзінен үзінді:
-
257
-
0
-
2
-
-
8⚡️Президент: партияларға, үміткерлерге бірдей мүмкіндік берілді
-
248
-
0
-
2
-
-
9⚡️Президент: Биыл алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау өтеді
-
242
-
0
-
2
-
-
10⚡️Президент: алдағы бес жыл ел тағдыры шешілетін маңызды кезең болмақ
-
246
-
0
-
0
-