Тікелей эфир

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Астанада қандай шаралар болады

Жедел жәрдем қызметкерлеріне, коммуналдық қызмет мамандарына ыстық шай мен бауырсақ, ыстық тамақ таратылады.

Астанада Алғыс айту күні қарсаңында түрлі мерекелік және ресми іс-шаралар, оның ішінде көрмелер, концерттер, театр қойылымдары өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Хабарламаға сәйкес, Алғыс айту күніне байланысты қаланың қоғамдық кеңістігін, даңғылдарын, көшелерін безендіру жоспарланып отыр. Елорда мектептерінде көптеген іс-шаралар өтеді. Мәселен, 1 наурызға дейін "Алтын жүрек" ән челленджі, ҚХА этномәдени бірлестіктерінің қайырымдылық акциялары, "Рахмет деймін!" мейірімділік акциясы, "Алғысыңмен жақында" алғыс айту сабағы, "Рахмет саған, Елордам" атты оқушылардың тілегі, "Қазақстан – мейірім мекені" тақырыптық экспозияция, "Алғыс сандығы" елорда тұрғындарына алғыс білдіру іс-шарасы, "Алғысқа бөлену" адам өмірін құтқарған батыр балаларға алғыс айту акциялары жоспарланған.

28 ақпан

"Руханият" орталығында "Мың алғыс саған, туған жер" ашық сабақтар, дәл осы күні қала мектептерінде "Алғыс батасы" Қарт адамдарға көмектесу іс-шарасы, сол сияқты әлеуметтік желілер арқылы "Арайлы Атамекенім" челленджі ұйымдастырылады.


"Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қайырымдылық шарасы мен концерттік бағдарлама, 29 ақпанда "Тарих ғибраты – архив құжаттарында" фото құжаттық көрме өтеді.

1 наурыз

Балалар музыкалық мектебінде "Алғысым шексіз" мерекелік концерттік бағдарлама, сол сияқты өзге де мектептерде "Рахмет саған, Отаным" бірыңғай ашық тәрбие сағаты, "Шынайы жүректегі алғыс" суреттер фотокөрмесі, "Кімге алғыс айтар едіңіз?" ең үздік құттықтау ашық хаты, "Ұстазым, Сізге ән алғыс" сазды челлендж өткізу жоспарланып отыр.


Махамбет Өтемісов атындағы Окушылар сарайында бірқатар іс-шара жоспарланып отыр: "Досыма менің мың алғыс" құттықтау, "Қазақ халқына мың алғыс" онлайн-квест, "Анам мен әкеме алғыс" сурет және фото көрмесі, "Қазақстан – мейірімділік мекені", Неміс этнолингвистикалық орталығының қолданбалы шығармашылық бойынша шеберлік сыныбы, "Игі істер марафоны" этнолингвистикалық орталықтар арасындағы іс-шаралар.


Білім беру ұйымдарында түрлі акциялар, челлендждер, кездесулер ұйымдастырылады.


Мәдениет мекемелері бұл күні қойылымдарын дайындап отыр. Мәселен, Қуыршақ театры бұл күні Ерекше балаларға арналған "Элвин және жұмбақ орманның тұрғындары" спектаклін қойса, "Жастар" театрында "Демеу" орталығының мүмкіндігі шектеулі және зейнеткерлерге арналған "Жолы болғыш жігіт" қойылымы өтеді.


Жедел жәрдем станциясының қызметкерлеріне, сондай-ақ коммуналдық қызмет мамандарына алғыс білдіріп, ыстық шай мен бауырсақтар, ыстық тамақ таратылады.


Ардагерлермен және тыл еңбеккерлерімен кездесу өтеді.


Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы, сол сияқты мұқтаж балалардың еміне арналған қайырымдылықтан жиналған қаражаттың салтанатты тапсыру рәсімі өтеді.


Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің "Қазақ еліне мың алғыс" монументіне гүл шоғын қою рәсімі өтеді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары