2014 жылдан бері халықаралық іздеуде болған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған азамат құрылыс компанияларының жалпы сомасы шамамен 1 млрд теңгеге ақша қаражатын жымқырды деп күдіктелуде. Бұл қаражат әлеуметтік мақсаттағы объектілерді: оның ішінде аурухана салуға арналған.
Оқи отырыңыз: "225 миллион теңге иемденді". "Теміржолсу-Маңғыстау" ЖШС-нің бұрынғы бас есепшісі ұсталды.
Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
"Жоғарыда аталған қылмыс жасағаны үшін оның мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін", – деп жазылған баспасөз хабарламасында.