Жаңа Honor Magic V5 жиналмалы смартфоны ең берік смартфон ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енді. Өзінің жұқа болғанына қарамастан, смартфон тәжірибе кезінде 104 келі жүкке төтеп берген. Атап айтқанда, смартфонға алдымен салмағы 84 келі тоңазытқыш ілініп, бұл аздық еткендіктен, оған қоса тағы 20 келі металл пластиналар ілінген.
Бұл тәжірибені өткізуге қатысқан Гиннесс рекордтар кітабының өкілдері жаңа рекордты растап, смартфон әлемдегі ең берік жиналмалы смартфон ретінде тарихқа енді.
"Magic V5 көмегімен біз жиналмалы смартфондар тек стильді және жұқа ғана емес, сонымен бірге керемет сенімді бола алатынын дәлелдедік. Біздің рекордымыз мобильді технологияның жаңа дәуірінің символы", – деді Honor компаниясының Таяу Шығыс пен Африкадағы президенті Ингмар Ванг.

Смартфонның беріктігінің құпиясы оның Super Steel Hinge шарнирінде жатыр. Оның табысының негізгі факторы жаңа буын Super Steel Hinge шарнирі. Ол созылу күші 2300 мегапаскаль болатын бірегей қорытпадан жасалған, жарты миллионнан астам қатпарлану және ашылу циклдарына төтеп бере алады. Мұндай беріктігіне қарамастан, смартфонның өзі өте жұқа. Оның қалыңдығы бүктелген кезде небәрі 8,8 миллиметрді, ал ашқанда небәрі 4,1 миллиметрді құрайды. Құрылғының салмағы – шамамен 217 грамм.
USD:
506.1 / 508.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63