Халықпен кездесу барысында үміткерлер "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы атқарылар істерге тоқталды.
"Тәуелсіздікке қол жеткізген 30 жылға жуық уақытта елімізде, өңірімізде көптеген ауқымды жұмыстар жасалды. Осы жылдарда біздің жетекші партиямыз халықпен бірге болды. Солардың жоғын жоқтап, барын түгендеді. Бір ғана осы Зашаған кентін алып қарайық. Осыдан 10-15 жыл бұрын бұл жер ат жарыс өткізетін ен дала болатын. Аз ғана уақыт ішінде көптеген тұғын үйлер, мектептер мен балабақшалар салынып, әсем шағын ауданға айналды. Сапалы жолдар салынып, көшелер абаттандырылуда. Бұл істердің барлығы елдегі бағдарламалардың нәтижесінде жүзеге асуда. Бұл игі бастамалар әлі де жалғаса береді. Сондықтан келер сайлауға белсенді қатысып, жетекші партияға дауыс беруге шақырамын", – деді облыс мәслихаты депутаттығына үміткер Н. Серғалиев.
Кандидаттармен кездесуге қатысқан кент тұрғындары өз сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін айтты.
"Nur Otan" партиясы Батыс Қазақстан облысының сайлау қоры қаражатынан төленді.