Әйелдер ерлерден үш есе төмен айлық алады

Халық шаруашылығы университетінің жанындағы гендерлік экономика бойынша зерттеу орталығы осындай мәлімет таратты. Елімізде әйелдерге жалақыны ерлерге қарағанда 35%-ға аз төлейді.

Деректерге сүйенсек, Қазақстанда экономиканың үш секторында ғана (денсаулық сақтау, білім беру саласы және әлеуметтік қызметтер) әйелдер ерлермен тең айлық алады.

Алғыс айту күнінде түрлі науқандар мен сән көрсетілімдері өтіп жатыр

Бүгін – көктемнің алғашқы күні, елімізде алғыс айту күні. Қазақстандықтар бұл күнді төртінші жыл атап өтіп отыр.

Мерекеге орай еліміздің әр аймағында түрлі науқандар ұйымдастырылған. Елбасы Қазақстандықтарды алғыс айту күнімен құттықтады.

Дархан Қалетав ҚР Премьер-Министр кеңсесіне басшы болды

Ол бұған дейін Қоғамдық даму министрі болған еді. Бүгін Үкімет басшысы А.Мәмин Кеңсесінің ұжымына Д.Қалетаевты ресми түрде таныстырды.

Бұрынғы Премьер-Министр Б.Сағынтаев ҚР Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалды. Президент Н.Назарбаев осындай жарлыққа қол қойды.

Қазақстандықтардың көбі Министрлерді танымайды

Demoscope қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросының мамандары Үкіметтің отставкаға кетуіне байланысты жүргізген сауалнама нәтижесінде осыған көз жеткізіпті. Сұралғандардың көбі Үкіметтегі ауыс-түйістерден елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының өзгермейтініне сенімді.

Телефон арқылы жүргізілген сауалнамаға Астана, Алматы, Шымкент және 14 облыстан 1868 адам қатысқан. Олардың 73%-ы Министрлердің атын атап, түсін түстей алмаған. Халықтың пікірінше, ел тарихында ең тиімді жұмыстарымен көзге түскен Үкімет басшылары И.Тасмағамбетов, Б.Сағынтаев пен К.Мәсімов.

Ұлыбританияның, АҚШ-тың, Литваның, Қытайдың жоғары оқу орындары білім гранттарын ұсынды

"Болашақ" орталығы қазақстандықтарға тегін білім беру гранттарын ұсынған шетелдік оқу орындардың тізімін жариялады. Oxford Business College "Бизнес" мамандығы бойынша бакалавриат бағдарламасына 5 грант бөліпті. Грант 100 пайыз оқу құнын жабады, қалған шығынды студенттің өзі төлеуі тиіс. Құжаттар 14 маусымға дейін қабылданады. АҚШ-тың IGlobal University университеті де оқу ақысының шығынын ғана төлеу талабымен бакалавриат және магистратура бағдарламаларына 6 грант бөлген. Құжаттарды 30 шілдеге дейін тапыруға болады.

Литваның Ұлы Витаутас университеті ағылшын тілінде оқыту бағдарламасымен отандастарымызға 20 грант беріп отыр. Грант иегерлері тегін оқып, үлгеріміне сәйкес ай сайын стипендия ала алады. Құжаттарды қабылдау мерзімі шілдеге дейін. 10 наурызға дейін Қытайдың Тяньцзинь университеті құжат қабылдайды. Қытай университеті қазақстандық студенттерді тегін оқытып қана қоймай, оларға жатақхана, медициналық сақтандыру ұсынады.

Еденде босанған ананың шағымына қатысты перзентхана дәрігерлеріне шара қолданылды

19 ақпан күні Астанадағы №2 Перинаталдық орталықта 31 жастағы келіншек дәрігерлердің тарапынан ешқандай көмексіз үшінші баласын еденде босануға мәжбүр болған. Астана қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасынан хабарлағандай, осы жағдайға байланысты орталықтың дәрігерлеріне жаза тағайындалған. Кадрлар тапшылығына сәйкес жұмыстан босатылмаған.

Бас дәрігерінің орынбасарына қатаң сөгіс жарияланыпты. Бөлім меңгерушісі қатардағы дәрігер қызметіне ауыстырылса, бас акушер де лауазымынан төмендетілген. Шағымнан кейін еңбек демалысына тайып тұрған бас дәрігер де жазаланады-мыс.

Қазақстандық БАҚ не жазды:

Inform.kz: Көпбалалы отбасына 2-3% несие "Тұрғынүйқұрылысжинақ" банкі арқылы беріледі. Қолжетімді баспана бағдарламасы сәуірден бастап жүзеге асырыла бастайды. Мамандардың есебінше, егер пәтердің құны 8 млн теңге болса, бастапқы 8 жылда несие алушы ай сайын 42 мың теңгеден, кейінгі 11 жыл ішінде 27,400 теңгеден төлеп отырады. Бұл – әзірше жоба ғана.

Baq.kz: Көктемнің басы жауынды шашынды болады. Қазақстанға Орталық Азия мен Ресейдің Еуропалық бөлігінен бір уақытта циклондар жылжып жатыр. Сондықтан алдағы демалыс күндері республикада күрделі метеорологиялық жағдайдағы ауа райы күтіледі. Қазақстанның басым бөлігінде Ресейдің Еуропалық бөлігінен келетін атмосфералық фронттардың әсерінен қар жауып, кей жерлерде бұрқасындатады. Екпіні күшті жел тұрып, жылудың әсерінен көктайғақ болады.

Өзіңізге ыңғайлы жерден informburo.kz оқыңыз:

Facebook | Instagram | Telegram

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter