Тікелей эфир

Коронавирустың симптомсыз түрін жұқтырғанда не істеу керек? Дәрігерлер кеңесі

Informburo.kz суреті
Informburo.kz суреті
Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды Covid-19 індетінен қорғау үшін коронавирустың симптомсыз түрі бар науқастарға арналған жадынама әзірледі.

Қазақстанда коронавирустық инфекцияның симптомсыз түрі бар науқастар саны артып келеді. Осыған орай, дәрігерлер арнайы нұсқаулық әзірледі. Індеттің белгісі жоқ тасымалдаушылар амбулаториялық негізде медициналық бақылаудан өтіп, үйде оқшаулануы керек.

Үй карантиніндегілер сақтауы тиіс ережелер:

  • Үйден шықпаңыз;
  • Түшкіргенде немесе жөтелгенде аузыңыз бен мұрныңызды бір реттік сүлгімен жабыңыз. Осыдан кейін бірден қолыңызды сабынмен жуыңыз немесе алкогольге негізделген антисептикпен сүртіңіз. Әрқашан тығыз медициналық маска тағып, әр 2 сағат сайын ауыстырыңыз;
  • Тамақтану алдында, сондай-ақ, дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен жуыңыз немесе антисептикпен сүртіңіз. Қолды сүрту үшін бір реттік майлықтарды қолданған дұрыс;
  • Жеке ыдыс-аяқпен тамақтаныңыз;
  • Егер сізде температура байқалса, жедел жәрдем шақыруыңыз керек немесе Covid-19 байланыс орталығына хабарласу қажет.

Оқи отырыңыз: Коронавирустан сақтанудың ең дұрыс тәсілдері. Инфографика

Науқасты қашықтан бақылау жүргізіледі. Оны қамтамасыз ету үшін:

  • Үйде карантинде жатқан адамға смартфонға Smart Astana мобильді қосымшасын орнатыңыз және қосымшаның барлық рұқсаттарын беріңіз (GPS, WIFI, Bluetooth);
  • "Мен карантиндемін" режимін қосыңыз және үй карантині кезінде оны сөндірмеңіз;
  • Телефон үнемі интернетке қосулы болуы керек;
  • Мобильді қосымша белсенді болуы шарт (қосымшаның күйін хабарландыруда немесе күй виджетінде байқауға болады);
  • Үйдегі карантин функциясын пайдалану кезінде GPS, Bluetooth және WIFI режимі өшірілмеуі тиіс.

Оқи отырыңыз: Сіз білуіңіз қажет! Covid-2019 коронавирусынан сақтану шаралары

Үй карантинінде жатқан науқастың отбасы мүшелері келесі нұсқауларды орындауы керек:

  • Бөгде адамдардың келуіне жол бермеңіз;
  • Карантин бөлмесіне кірген кезде, аузыңыз бен мұрныңызды жауып тұратын тығыз медициналық маска тағуыңыз керек. Медициналық маска дымқыл немесе кір болып кетсе, оны тез арада жаңасына ауыстыру керек;
  • Күн сайын кемінде 2 рет отбасының әр мүшесінің дене температурасын өлшеу;
  • Үйді күніне кемінде 2 рет желдетіңіз;
  • Күн сайын дымқыл тазалау жүргізіңіз;
  • Қолды жиі сабындап жуыңыз немесе антисептикпен сүртіңіз, қолды сүрту үшін бір реттік майлықты қолданған дұрыс;
  • Отбасының әр мүшесі жеке ыдыс-аяқты, жеке гигиена құралдарын пайдаланғаны жөн;
  • Түшкіргенде немесе жөтелгенде аузыңыз бен мұрныңызды бір реттік сүлгімен жабыңыз. Осыдан кейін бірден қолыңызды сабынмен жуыңыз немесе антисептикпен сүртіңіз;
  • Егер отбасының кез-келген мүшесінде дене қызуы көтерілсе немесе аурудың белгілері болса, сіз тез арада Covid-19 байланыс орталығына қоңырау шалып немесе жедел жәрдем шақырып, карантин туралы хабарлап және шақыру себебін көрсетіңіз.

Оқи отырыңыз: Коронавирустан аман қалуға болады. Ол үшін дәл қазір не істеу керек?


Сoronavirus2020.kz инфографикасы


Серіктестер жаңалықтары