Тәуелсіздік мерекесі күні қарсаңында танымал қазақстандық фотограф, көптеген көрменің авторы Оспан Әли EXPO аумағында орналасқан QYRlike көрмесін таныстырды. Көрмеге қазақстандық суретшілер Айбар Сейсенбі, Жанна Нөгербек, Талғат Шідербаев, сәнгер Жадырагүл Жиенғазиева мен фотографтың өзінің үздік туындылары қойылды. Осы орайда Оспан Әли QYRlike және Aq jaima атты бірегей жобаларының астарлы ойы туралы әңгімеледі.
"Қырлайық" сөзінің бірнеше мағынасы бар – "төбелесейіктен" басталып, "мінсіздікке ұмтылуға" дейін ұласады. Оспан Әлидің өзі оны "дала" мен "лүпіл" деп түсінетінін айтады.
"Біздің ортақ үйімізде, өлкемізде, "лүпіл" көп болсын, ал "қырылысу" аз болсын деген ниетіміз бар еді", – деді Оспан Әли.
Фотографтың шығармашылық адамдарының басын қосу, перформанстар жасау және оларға мән-мағына, жеткізер ой бітіру ниетін осы сөздерден-ақ көруге болатындай.
Оқи отырыңыз: Кореялық K-pop әртісі Kisu: Алматының ұнағаны соншалық, осында бейнебаян түсіргім келеді
"Көп жағдайда шығармашылық адамдары өзінің идеясы мен ойын сөз арқылы немесе хат арқылы жеткізуге қымсынады. Біз өзімізді басқа жолмен танытамыз. Менің суреттерім – жан дүниемнің айнасы. Кей адам өзін жасаған мүсіндері, суреті және т.б. арқылы көрсетеді. Ал біз өз ойымызды визуализация, қолөнер арқылы жеткіземіз. QyrSpace идея мен мән-мағыналарға "қол мен аяқ бітіретін" хаб болуы тиіс", – деді Оспан Әли өзінің жаңа жобасы туралы.
Оспан Әли осы уақытқа дейін Қазақстан мен шетелде ондаған фото көрме ұйымдастырған болатын. Ішінде Men Qazaq Dalasynyn Qyzymyn көрмесін ерекше атап өтуге болады. Бұдан өзге шетелдік жұртшылық үшін Оспан Әли БҰҰ-да (Женева) "Қазақстан – Ұлы дала елі" көрмесі аясында өзінің фото жұмыстарын ұсынды. Шығармашылық кеңістік құру идеясы осы жылдың көктемінде AqJaima фотокөрмесін дайындау кезінде келген. Аталған жобаның тұсаукесерінде келушілерді табалдырықта екі түсті жайма қарсы алды.
"Кіре берісте екі жайма болды: біреуі ақ түсті – қарттар үйінде қолданылған жайма, екіншісі қызыл түсті – жаңа жайма. Осы екі жайма арқылы қонақтарымыздың жан дүниесіне, көңіліндегі күдік пен қуанышқа саяхат жасап көргіміз келді. Ақ түс әдетте тазалық пен жаңа бір дүниенің символы іспеттес, кейін мүлдем керісінше болып жатады. Яғни біз адамның қай жайманың ортасынан өтуді таңдайтынын көргіміз келді. Жайма – біз барынша шынайы болатын жалғыз интимді кеңістік. Әр күннің соңында біз жаймаға ораламыз, ал жамылғы бар негативіміз пен позитивімізді өзіне сіңіріп алатын жалғыз зат – құдды күнделікті бастан өткерген сезімді өзіне алып қоятындай көрінеді. Жайма мінсіз таза, жұпар иісті болуы мүмкін, ал оның үстінде жатқан адамның эмоциясы әртүрлі", – деді фотограф.
Жоба авторы заманауи мәселелерді видео арқылы да көрсетуге тырысты. Тизерде заманауи отбасылық құндылықтар көрсетілген. Сандықтан басын шығарған балақай үлкен өмірдің құпиясына үңіліп тұрғандай көрінеді.
"Балалар әрдайым әке-шешесінің әрекетін бақылайды және соны қайталайды. Ал тизер отбасы институтындағы кемшін тұстарды меңзеп тұр. Біз мұны қалай өзгерте аламыз? Мысалы, сол entertainment арқылы", – деді Оспан Әли.
Жоба авторы достарының қолдауын жоғары бағалады. Гозин деген атпен танымал Жанғазы Сейдахмет осы күзде Оспан Әли қаражат жинау туралы жариялаған кезде жобаға қолдау көрсеткен адамдарға арналған арнайы сандықты жасап шықты.
Оқи отырыңыз: Шыңғыс Мұқан: Мені қызметтен кетірген "Қазақстанды дамыту үшін не істеу керек?" деген сұрақтың жауабы
"Біз адамдар қетерлі дертке шалдыққанда және қиын өмірлік жағдайға тап болғанда қаражат жинауға дағдыланып қалдық. Ал QyrSpace үшін ақша жинау адамдардың жаңа бастамаға да қолдау көрсетуге, бір нәрсенің дамуына үлес қосуға әзір екенін көрсетті. Менің байлығым – менің адамдарым. Сол себепті QyrSpace-ті ортақ жобамыз деп айтуға болады", – деді Оспан Әли.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сондай-ақ, QyrSpace аясында воркшоптар мен шығармашылық кештер өткізу жоспарланып отыр, олар туралы жоба авторлары әлеуметтік желіде жариялайтын болады.