
Көкпардан Қазақстан құрамасы Өзбекстан және Моңғолия спортшыларымен ойын өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті.
29 қыркүйекте Түркияның Изник қаласында IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды. Оған Қазақстан намысын қорғауға қазақ күресі, көкпар, көкбөрі, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату спорт түрлері бойынша 53 спортшы аттанды.
Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының мәліметінше, IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан ҚР ұлттық құрамасы екі ойын өткізді.

Алғашқы ойынды Өзбекстанмен өткізген құрама мүшелері ойынды 8-1 есебімен аяқтаған болатын.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның Дүниежүзілік көшпенділер ойынына дайындығы қандай?

Бүгін Моңғолияның құрамасымен ойын өткізген шабандоздар 12-2 есебінен жеңіске жетті.

IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ат үстінде садақ ату (жамбы ату) спорты бойынша жарыстар да аяқталды. Халықаралық додаға әлемнің 21 елінен 75 мерген келген болатын.

Үш стиль бойынша жарыста қазақстандық спортшылардан жамбы атудан Әлем чемпионы Ералхан Айкөз үздіктер қатарынан көрінді.

Ералхан "қабақ" атудан (түрік стилі) күміс жүлде иеленсе, "табла" атудан (түрік стилі) қола жүлде алды. Венгр стилінде нысанадан мүлт кеткен Ералхан жалпы есепте (үш стильді қосқанда) бесінші орынға тұрақтады.

Қазақстан құрама командасы бұған дейін өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына белсене қатысып, жалпыкомандалық есепте 2014 жылы – 2 орын, 2016 жылы – 3 орын, 2018 жылы – 2 орынды иеленген болатын.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
12,3 млн қазақстандықтың табысы тамағынан артылмайды 💸
-
419
-
2
-
1
-
-
2🌐 Қазақстан ауылдарына интернет тартуға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ
-
399
-
0
-
2
-
-
3🚫 Фейк: Отбасы банк «мемлекеттен 116 680 теңге берілуі» туралы ақпаратты жоққа шығарды
-
385
-
0
-
2
-
-
4Әскер дәрігерлерінің жалақысы артады
-
379
-
0
-
2
-
-
5Атырау облысында мектеп оқушылары төрт ауысымда оқуға мәжбүр
-
368
-
0
-
3
-
-
6Бұрынғы экология министрі Серікқали Брекешев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды
-
368
-
2
-
3
-
-
7Солтүстік Қазақстан облысында әкімдік кәсіпкерге жасанды «әкімшілік кедергілер» құрған
-
358
-
0
-
4
-
-
8✅ Автонесие бағдарламасы 6 ақпанда басталады. Қалай онлайн өтініш беруге болады?
-
374
-
4
-
7
-
-
9Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
-
355
-
0
-
3
-
-
10Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
-
332
-
0
-
2
-