"Қыз өссе – Instagram көркі". Қазақтың заманауи мақал-мәтелдері қандай?

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com

Уақыт өтіп, заман жаңарған сайын, бүгінгі күнді сипаттайтын, қазіргі адамға өзекті мақал-мәтелдер де туындап жатқандай.

Мақал-мәтелдер қазақ халқының тұмыс-тіршілігін, дүниеге деген көзқарасын, арман-мүддесін дәлме-дәл сипаттайды. Мағынасы терең, ойды дәл берген мақалды орнымен қолданудың маңызы зор. "Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні" де мақал-мәтел арқылы қойылған. Ал "Елу жылда – ел жаңа" дегендей, бүгінгі заманның мақал-мәтелдері де өзгерген. Әлеуметтік желіде "заманауи мақал-мәтелдер" деп аталған топтар да бар. 

Informburo.kz порталы интернет сайттар мен желіде жарияланған жаңа заманның мақал-мәтелдерінің үздік топтамасын әзірледі.


Оқи отырыңыз: Мақал-мәтелдердің қазақ өміріндегі орны. Оларды қалай айыруға болады


Жазушы, журналист Ермахан Шайхыұлының мақал-мәтелдері:

  • Жаңа қазақ мақтанса, ағылшын тілін білем дер. 
  • Сана жеңбегенді пара жеңеді. 
  • Заңгерге заң жүрмейді. 
  • Тағы бардың сағы сынбайды. 
  • Тояр жерге туың тік.
  • Жаман қазақтың аузында – сүр ет, жаңа қазақтың алдында – күзет.
  • Бір қазақ "Мерс" мінсе, жүз қазақ кебіс киеді. 
  • Журналистің жазғаны – керім, жегені – желім. 
  • Әйел жүрген жерде шу қалады. 
  • Құдалықта киген тон келте болмас. 
  • Сырахана жағалағанның шөлі канбайды. 
  • Демеуші болмаған фирмадан, қаңырап тұрған ферма артық. 
  • Ұл өсірме, қыз өсір, Қалыңмалы оның кұл-көсір. 
  • Бастықты есепшісі асырайды. 
  • "Әкім біледі" деген өседі, "Өзім білемін" деген өшеді. 
  • Бір полиция екі парақорға татиды.
  • Бір парақор қолға түссе, қырық парақор түс көреді.
  • Өлген кезінде бәрі жақсы, жаман адам қайдан шығады?
  • Екі орынбасар ерегіссе, Бас инженер бастық болады.
  • Бастық күлсе, орынбасары езу тартады.
  • Танысыңа сенбе, табысыңа сен.
  • Еркек жүрген жерде шөлмек қалады.
  • Үш рет депутат болсаң да, халықтың қарызынан құтыла алмайсың.
  • Шенеунікте шер жоқ.

Оқи отырыңыз: Ғалым Нәбидолла Кикібаев: Қазақта жылқы туралы 400-ге жуық мақал-мәтел бар


Әнші Аймұханбет Бейсембековтің мақал-мәтелдері:

  • Қалтасына қарай – тоқалы, заманына сай – мақалы.
  • Қазақ тілін мемлекттік тіл дейді, ал ол тілді министрлер білмейді.
  • 900 мың алатын депутаттар не демейді, ал кедейлер ашыққанда не жемейді.
  • Пара бермей пара алатын "креслоға" отырмайсың.
  • Параны бергеннің "іші ашиды", алғанның "мерейі тасиды".
  • Алдымен "баксыңды" тық, содан кейін "басыңды сұқ".
  • Шайпау қатын – ердің соры, жемқор билік – елдің соры.

Оқи отырыңыз: Қожа, Алиса, Джульетта. Әлемдегі әдебиет кейіпкерлеріне қойылған ескерткіштер


Желі пайдаланушыларының мақал-мәтелдері:

  • Жаңбырмен жер көгерер, трафикпен сайт көгерер.
  • Жалғыз админнің шаңы шықпас. 
  • 100 Kaztube-ің болғанша, 1 Youtube-ің болсын. 
  • Боранды күні қасқыр мен блогер құтырады. 
  • Жаза-жаза блогер боласың. 
  • Блогерлі шара – базар, блогерсіз шара – мазар. 
  • Білегі күшті бірді жығады, блогы күшті мыңды жығады. 
  • Постын көріп, достығын ал. 
  • Блогер бала блогынан. 
  • Идея кезде бәрі жақсы, жаман жоба қайдан шығады. 
  • Жеті рет өңдеп, бір рет жаз. 
  • Қыз өссе – Instagram көркі. 

Материалда авторлардың zharar.com сайтында жарияланған туындылары қолданылды.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары