Тікелей эфир

"Ғасырдан да ұзақ түн": Алматыдағы жер сілкінісі әлеуметтік желіде қалай көрініс тапты?

Фото: Информбюро порталы
Фото: Информбюро порталы
Бүгін Алматы тұрғындары бірнеше рет жер сілкінісін сезді.

23 қаңтарда түнде сағат 00.09-да Алматы қаласының тұрғындары қаладан 264 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында болған жер сілкінісін сезді. Жер сілкінісінің магнитудасы – 6,7. 

Күтпеген жағдай ешкімді бей-жай қалдырмады. Тұрғындар ыдыс-аяқ, аспалы шам, басқа да заттардың қимылынан жер сілкінгенін сезді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЖАСТАР JASTAR ZHASTAR МОЛОДЁЖЬ (@jastar.online)

Бірі үйдің ішінде қауіпсіз жерді тасаласа, көпшілігі сыртқа тез арада шығуға тырысты. Жоғарғы қабатта тұратындар баспалдақпен түсті, тіпті жер сілкінген кезде лифт пайдалануға болмайды десе де, басын қатерге тігіп лифтпен төменге түскендер болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЖАСТАР JASTAR ZHASTAR МОЛОДЁЖЬ (@jastar.online)

Жер сілкінісіне ешкім дайын емес еді. Ата-аналар өздері де барынша қалың киініп, балаларын да киіндіріп үлгерді. Кейбіреулер үстіне сырт киімін іліп, апыл-ғұпыл жеңіл киіммен шыға салды. Далада аяз болған соң тоңбас үшін көрпе-жамылғы алып шыққандар да табылды.

Жер сілкінгеннен кейін сыртқа шыққан тұрғындар / Фото: Informburo.kz

Желіде көп қаралым жинаған Медет секілді сыртқа шықпай, үйінде ұйықтап жатқандар да аз болмады. 

@gani_offi #рек #землетрясение ♬ оригинальный звук - ⚡️🦅GANS🦅⚡️

Адамдар қайда барарын білмеді. Тұрғын үй аумағынан алыс тұруға тырысты. Көлігі барлар көлігіне мініп, қала сыртына кетуге асықты. Соның салдарынан түн жарымында Алматыда кептеліс болды. Біреулер көлігінде ұйықтап, таң атқанын күтті.

Қаладағы кептеліс / Фото: Informburo.kz

Такси шақыру да қиындады, ал бағасы ұшып кетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от НОВОСТИ / СОБЫТИЯ / МЕДИА (@kazakhstan.media)

Адамдар жолда кептелісте тұрғанда жайбарақат гүл ұстап кетіп бара жатқан ер адам табылды. 

@aibektolep

 

♬ original sound - Фотограф | photographer

Ал жер сілкінгенде жайбарақат отырған бұл кісіге желі қолданушылары таң қалды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АВТО ПРОДАЖА В КАЗАХСТАНЕ (@avto_bazar.01)

Таудағы үйлердің бірінен жер сілкінісі бейнекамераға жазылып қалды. Видеодан қаланың қалай тербелгенін көруге болады.

Ресми мәлімдеме шыққанша мессенджерлерде жер сілкінісі нақты қай уақытта қайталанатынын хабарлаған негізсіз аудиохабарламалар тарады. Ресми органдар халықты дүрлікпеуге шақырып, эвакуацияланатын орындар тізімін жариялады. "Тағы жер сілкінсе қайтеміз" деп үйіне кіруге үрлейенген тұрғындар мектеп пен балабақшаларға барып, жағдайдың тұрақталғанын күтті. Эвакуациялық жиналу орындары 2gis.kz картасында жарияланды. Мұғалімдер тік тұрып тұрғындарды қабылдап жатты. Дәрігерлер де үрейге бой алдырмай, жұмыстарын атқара берді. 

@aikowaa0202 #землетресение ♬ оригинальный звук - Aйым

WhatsApp-чатта көршілер бір-бірінің жағдайын сұрап, қауіпсіз орындарға қалай баруға болатынын айтты. Жер үйде, бірінші қабатта тұратындар бір-біріне көмектесіп, үйіне кіргізді. Кейбірі тамақтану орындарында, үлкен супермаркеттерде бас сауғалады. Сыртта жүрген адамдарды жылы жерге кіргізіп, ыстық шай берген "Берекет" кафесінің иесіне рахмет айтқан тұрғын видео жариялады. 

@galina_nirvana #землятресение #алматы #берекет ♬ оригинальный звук - Галина Ишутина107

Тамақтану орындарының қызметкерлері далада жүрген адамдарға шай берді. 

@almatinec_life

 

♬ оригинальный звук - АЛМАТИНЕЦ

Алматыда 15 жылдан бері тұратын көршілер дәл мұндай жер сілкінісін бұрын сезбегенін айтты. 

Жер сілкінгені жөнінде хабарлама 112-ден бірден келе қоймады. Хабарлама біреуге кеш, біреуге сәл ерте жетті. Еш хабар алмағандар да болды. Кейбіреулерге қазақша қаріпсіз қате-қате жазылған хабарлама келіп түсті.

Бішкекте де жер сілкінді. 8-қабатта тұратын Медина жер сілкінген бойда сыртқа шықпай, дүмпудің аяқталғанын күткенін, отбасына хабарласқан соң жүрегі орнына түскенін айтты. Зілзала бұдан былай қайталанбаса екен дейді ол. 

Таңертең сағат 5.30-ға таман Алматыда дүмпу сезілді. Қала да, адамдар да таңға дейін ұйықтамады. Ал далада қаңғып жүрген иттер үріп әлек.

Алматылықтар үшін бұл ең ұзақ түн болды десек артық емес. Апат айтып келмейді. Десе де, қала тұрғындары бұл оқиғаны көпке дейін ұмытпайтыны сөзсіз. 

Серіктестер жаңалықтары