Тікелей эфир

Алматыда Жантемір Баймұхамедовтің "Егеуқұйрық" көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті

Туынды Мальтадағы 60-шы Халықаралық Golden Knight қысқаметражды фильмдер фестивалінде Гран-приді жеңіп алған.

Картина көптеген елдердің кино сарапшыларының ең жоғары бағасына ие болды. Атап айтсақ, фильм әлемдегі ең көне қысқа метражды фестивальдердің бірі болып саналатын Мальтадағы 60-шы Халықаралық Golden Knight қысқаметражды фильмдер фестивалінде Гран-приді жеңіп алған. Ол жерде картина 60-тан астам елдің 320 қатысушысымен жүлде үшін таласты.

Отандық туынды тағы бір танымал кинофорум – Бразилиядағы Sao Paulo International Film Festival-нің үздік фильм үшін берілетін бас жүлдесін жеңіп алған. Ал Ресейде Халықаралық қысқаметражды "Киномышь" кинофестивалінде Гран-примен марапатталды.

Сонымен қатар туындыны Макаодағы Халықаралық қысқаметражды фильмдер фестивалінің қазылар алқасы да үздік көркем фильм деп атады. Шотландияның Глазго кинофестивалінде "Егеуқұйрық" жеңімпаздар үштігіне енсе, Еуропалық Future of Film Awards платформасы картинаны құрметпен атап өтті.

"Егеуқұйрық" фильмі ерекше достықтың таңғажайып оқиғасын баяндайды. Басты рөлді – бостандықтағы өмірден өз орнын табуға тырысқан бұрынғы тұтқын-музыкант Сәкен Молдахметов тамаша орындап шықты.

Режиссер Жантемір Баймұхамедов, Қазақстанда Жантик деген атпен танымал – еліміздегі ең атақты шоумендердің бірі. Дарынды музыкант және тележүргізуші, бұл картина оның кино саласына алғашқы рет келуі емес. Оның "Шу-чу" атты дебюттік фильмі 2010 жылы Мексика кинофестивалінде жүлдеге ие болған.

"Егеуқұйрық" қысқа метражды фильмін ілгерілетумен продюсер Диана Әшімова және А team компаниясы айналысады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары