Тікелей эфир

Алматы ақ қарға оранды. Информбюро фоторепортажы

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Бір түнде Алматыда 14 сантиметр қар жауды.

Бүгін түнде Алматыда қалың қар жауып, қала ақ қарға оранды. Көлік кептелісі күшейіп, жаяу жүру қиындады. Алматыдан ұшатын да, Алматыға ұшып келетін де рейстер кешігіп жатыр. Кейбірі тоқтатылды. 

Осы орайда Informburo.kz фотографы Алматыны аралап, қар басқан қала көшелерін фотоға түсірді. 

Алматыға бір түнде 14 см қар жауған. Ал Шымбұлақта қар қалыңдығы 20 сантиметрге, Каменск үстіртінде 22 сантиметрге жетті. Бұл – айлық норманың төрттен бірі.

Фото: Informburo.kz

Қардың қаншалық қалың екенін қар астында қалған мүсіндер мен ескерткіштерден аңғаруға болады. Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жанындағы Жамбылдың ескерткіші ақ ұлпаға оранған.

Caption

Үлкен алаңдарда Жаңа жыл мерекесіне орай безендірілген шыршалар мен декорацияны да қар басқан.

Фото: Informburo.kz

Көшеде қар тазаланбаса адамдардың да, көліктің де жүруі қиындайды. Коммуналдық қызмет таңғы төртте қар тазалауға кіріскен.

Фото: Informburo.kz

Қала көшелері мен жолдарды тазалауға 475 арнайы техника мен 1 115 жұмысшы жұмылдырылды. Қар жауа бастаған сәттен бері 194 құмсепкіш техниканың күшімен көктайғаққа қарсы материал себіліп жатыр.

Фото: Informburo.kz

75 шағын техниканың көмегімен тротуарлар, қоғамдық орындар, әлеуметтік маңызды нысандар, тұрақ "қалталары" тазаланып жатыр. Аялдамалар мен жаяу жүргіншілер өткелдері де ұмыт қалған жоқ. Көшеде күрек ұстап, қар тазалап жүрген жұмысшылар аз емес.

Фото: Informburo.kz

Ауа райына байланысты Алматы халықаралық әуежайында кейбір рейстер кейінге шегеріліп жатыр. Олардың қатарында "Алматы-Астана", "Алматы-Шымкент" және өзге де бағыттар бар.

Фото: Informburo.kz

2GIS картасында бірнеше адам жолда көлік апаты орындарды белгілеген. "Қар жауып еді, кептеліс басталды" деп жазғандар да бар.

Фото: Informburo.kz

Алматы қаласының полиция департаменті көлігін жол жиегіне ретсіз қоятындар қар шығаруға және жолды тазалауға айтарлықтай қиындық туғызатынын хабарлады. Сондықтан жүргізушілерді бұл мәселеге жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Фото: Informburo.kz

Сақтық үшін жүргізушілерге жылдамдықты асырмау, көліктер арасында қашықтықты сақтау және қар тазалау жұмыстары жүріп жатқан аумақтарға көлік қоймауға кеңес етіледі. Жаяу жүргіншілер де, әсіресе, тұманда, тайғақ жолдарда, жолдан өткенде сақ болуы қажет.

Фото: Informburo.kz

Қала көшелерін 150-ге жуық патрульдік полиция жасағы мен әкімшілік полицияның мамандандырылған батальоны күзетеді.

Фото: Informburo.kz

"Қазгидромет" болжауынша, Алматыда бүгін түнде температура -13°С-қа дейін суиды. 13 қаңтарға дейін қалада жауын-шашын жаумайды. Алдағы күндері күн ашық болады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары