Тікелей эфир

"Қытайда жаңа нәсіл дүниеге келді". Жалған ақпарат

Factcheck.kz бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында тараған мәліметті жоққа шығарды.

Әлемнің ақпарат кеңістігінде Қытайда туған ғажайып бала туралы дерек жиі шығып тұрады (2009 жылдан бері). "Адамзаттың жаңа нәсілінің өкілі жер басып жүр. Нонг Юсуи Қытайдың оңтүстігінде тұрады және бұл әлемге неон реңкті көкшіл түсті көздерімен қарайды. Оның жанары мысықтың көзі секілді жанып тұрады және жаңа адамға қараңғыда да көруге мүмкіндік береді", – дейді, мәселен, "Наша жизнь" тобының порталы. Оны бұл портал ғана жазбаған… Кезінде бұл туралы Sputnik Молдова мен басқа да БАҚ-та айтылды. Бірақ, материал басқаша құрылған еді. Төмендегі суретте – "баланы" сипаттау трендінің ең кейінгі нұсқасы. Бұл оқиға Жер шарын бірнеше рет айналып шықты. Әр айналым сайын оны біреу жоққа шығарып отырды. 

 

Үкім: Фейк

Сіздерді күттірмей Нонг Юсуи есімді "жұлдызды бала" туралы материалдардың барлығы System of a down тобының Aerials клипінен стоп-кадр арқылы фотошопталғанын айта кетейік.

Бала бар ма?

Балаға келер болсақ, расында, 2009 жылы көгілдір көзді кішкентай Нонг туралы (мұндай келбет Қытай тұрғындарының ішінде өте сирек кездеседі) ССТV9 арнасы айтты:

"Репортажды жасаушылар кішігірім тәжірибе жасап, бала қараңғыда да көре алады деп мәлімдеді. Ары қарай оқиға толықтырыла береді. Нонгтың көзінде тапетум бар деген пікірлер де айтылды. Ол мысықтар, кей жануарлар мен құстарға қараңғыда көруге мүмкіндік беретін жасуша қабаты. Оған қоса, арна да фотошопты пайдаланып, Дахуа қаласының кішкентай тұрғынының онсыз да әдемі көзін бояп қойған".

Тапетум мен супер-қабілетке келер болсақ, мәлімдеме жалған болып шықты. Бұл туралы Livescience.com, Gizmodo, Seeker, тіпті Daily mail де тексеріп жазған.

Livescience жазуынша, тапетумды анықтау үшін баланың көзін  жарық шағылыстыру арқылы тексеру оңай… Видеода Нонгтың мұғалімі қараңғыда баланың көзіне шам жақса олар жарқырап, лаулап кететінін айтқан. Бірақ тілшілер мұндай әсерді камераға түсіре алмаған тәрізді, көзі қалыпты көрінеді.

Буффалодағы Нью-Йорк мемлекеттік университетінің балалар офтальмологы Джеймс Рейнольдстің айтуынша, "түнде түсірілген леопард туралы фильмдердегідей видео арқылы жарықтың шағылысуын оңай байқауға болады"… Оның айтуынша, мұндай қабілет бірнеше мутацияны қажет етер еді және ол бірден бола қоймайды: "Адамда функционалды тапетумның болуы, мәселен, қанаттың болуы тәрізді бос сандырақ қана…".

Екінші жағынан, кадрда репортерлер Нонгке қараңғы бөлмеде сауалнама толтырту тапсырмасын беріп, бала ол тапсырманы орындайды. "Мысық көздес болмаса да, оның түнде көру қабілеті ерекше жақсы болуы мүмкін. Мәселен, оның көзінің торында жарықты табуға қатысатын жасуша көп болуы ықтимал", – дейді Рейнольдс.

Берклидегі Калифорния университетінің клиникалық зерттеушісі және оптик маман Адам Хикенботам Livescience-ке берген пікірінде Нонгта көз альбинизмінің жеңіл түрі болуы мүмкін деген. Яғни нұрлы қабық пигменттенгендіктен көз жарық шашып тұрғандай көрінеді, бірақ соған қоса баланың жарық жерде көруі қиын болуы мүмкін.

Түйін: "жаңа адамзат нәсілі" туралы ешқандай әңгіме болған жоқ.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары