"Ел үлесі – пәтерге" қайырымдылық жобасы аясында осыған дейін барлығы 423 пәтер берілді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы "Зекет және қайырымдылық" қорының "Ел үлесі – пәтерге" қайырымдылық жобасы аясында 423-пәтер кілтін ауыл имамына табыстады. Бұл жолғы пәтер Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Үлгілімалшы ауылының имамы Әлімбек Батайға бұйырды, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.
Өскемен қаласындағы "Халифа Алтай" мешітінде өткен игі іс-шарада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: "Еліміздің, жеріміздің, дініміз бен дәстүріміздің игілігі жолында аянбай қызмет етіп келе жатқан дін қызметкерлері қашан да құрметке лайық. Имамдардың әлеуметтік мәселесі- менің басты назарымда. Өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын ауыл имамдарын қолдау мақсатында осы жолы Үлгілімалшы елдімекенінде 10 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан, осыған дейін пәтер жалдап жүрсе де діни қызметте белсенділік танытқан, көп баланың әкесі Әлімбек Батайға пәтер кілтін табыстап отырмыз. Алла үйіңізді берекеге толтырсын!" – деді.
Оқи отырыңыз: Алаш арысы Әлихан Бөкейханның есімі Теміртау орталық мешітіне берілді
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🗓️Бүгін, 29 қыркүйек тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады
-
289
-
0
-
4
-
-
2🥉🇰🇿Аян Бейсенбаев триатлоннан Ханчжоуда өтіп жатқан Азиаданың қола медалін иеленді
-
293
-
1
-
6
-
-
3📲 103 500 теңге айыппұл: Қазақстанға iPhone 15 телефондарын әкелген адам ұсталды
-
236
-
0
-
0
-
-
4🥉 Азиада-2023: астаналық спортшы екі дүркін қола жүлдегер атанды
-
219
-
0
-
0
-
-
5🛍 Астанада Қостанай мен Ақтөбе облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
-
210
-
0
-
0
-
-
6🛍"50-60 мың теңгеге артық": ЖОО оқытушыларының еңбекақысы қанша пайыз өсті?
-
215
-
0
-
0
-
-
7🏝 Ақтауда Каспий жағасында егеуқұйрықтар қаптады
-
216
-
0
-
1
-