Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысында ел азаматтарына 10 сотық жер телімін беру мәселесі көтерілді.
"10 сотық жер телімі бойынша Кодексте жазылған. Ұнай ма, ұнамай ма – беру керек. Ол – Кодекс нормасы. Сондықтан бұл мәселеде барлығын ретке келтірген жөн", – деді Еуропалық құқық және адам құқығы сарапшылық институтының директоры, саясаткер Марат Башимов.
Оған жауап берген Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов көтерілген мәселе жан-жақты қаралатынын айтты.
Оның сөзінше, 10 сотық жер телімін бөлуге қатысты ең алдымен тиісті жұмыстар атқарылуы керек. Яғни, жер телімі берілетін болса, инфрақұрылымның салынуына ерекше назар аударылуы тиіс.
"Инфрақұрылымның өзін жүргізу үшін орта есеппен 4 трлн теңгеден артық қаражат керек болады. Сондықтан осының барлығын есептеуіміз керек. Бұл бағыттағы жұмыстар бір күнде шешілетін мәселе емес", – деді Ералы Тоғжанов.
Оқи отырыңыз: Ақылбек Күрішбаев: Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер тек мемлекет құзырында болуы тиіс
Айта кетейік, бүгін Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті. Комиссия әр сенбі сайын отырыс өткізеді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1⚡️Түркияда жер сілкінісінен кейін жоғалып кеткен Қазақстан азаматының біреуі табылды
-
344
-
0
-
0
-
-
2Қаңтар оқиғасынан кейін халықаралық іздеу салынған Қазақстан азаматы Беларусиядан экстрадицияланды
-
326
-
0
-
0
-
-
3Түркиядан Қазақстан азаматтарының екінші тобы оралды
-
311
-
0
-
4
-
-
4🇰🇿🇹🇷Эксподағы Нұр-Әлем шарында Түркия байрағы бейнеленді
-
305
-
1
-
7
-
-
5💰 Жастарға арналған 2,5% несие бағдарламасы наурызда басталады
-
278
-
0
-
2
-
-
6⚡️Бекзат Жүсіпов «Qazcontent» АҚ төрағасы болып тағайындалды
-
247
-
0
-
3
-
-
7💰Үкімет қаулысы бойынша Түркияға гуманитарлық көмек ретінде бір миллион доллар бөлінді
-
249
-
0
-
3
-
-
8⚡️Қазақстанда «Жастар еңбек жасақтары» құрылады
-
244
-
0
-
3
-
-
9Қазақстан құтқарушылары Газиантеп қаласындағы үйінді астынан 3 адамды құтқарды
-
240
-
0
-
5
-
-
10Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің есебін тыңдады
-
241
-
0
-
1
-