
Республикада жыл сайын қалқанша безінің қатерлі ісігімен ауыратын 600-ге жуық науқас радиойодтерапия жүргізуді қажет етеді.
Семей қаласының Ядролық медицина және онкология орталығында қалқанша безінің қатерлі ісігін емдеудің бірегей, тиімді және қауіпсіз әдісі енгізілді, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Радионуклидтік терапияның жаңа бөлімшесінде бірегей радиойодтерапия курсы өткізіледі. Орталық мамандары бүгінгі күні радиойодтерапия метастаздармен және тиреотоксикозбен сараланған қалқанша безінің қатерлі ісігін емдеудің ең тиімді және қауіпсіз әдісі екенін айтты. Әлемдегі терапиялық радиофарпрепараттарды қолданумен байланысты барлық емдік процедуралардың 70%-дан астам үлесі осы әдіске тиесілі.
Бұл әдістің бірегейлігі натрий иодиді I-131 шығаратын бета бөлшектер тіндерге тек 2 мм ғана әсер етеді. Радиацияның бұл түрі басқа органдарға қауіпті емес. Радиоактивті йодтың тек қалқанша безінің жасушаларына әсер етуі радиойодтерапияның негізін құрайды және оның ерекше тиімділігін анықтайды.
"ШҚО – қатерлі ісіктермен сырқаттанушылар саны бойынша алдыңғы орындардағы аймақ. 18 мыңнан астам пациент есепте тұр. Қазақстанда жыл сайын қалқанша безінің қатерлі ісігімен ауыратын 600-ге жуық науқас радиойодтерапия жүргізуді қажет етеді. Мұндай орталықтың ашылуы еліміздің барлық онкологиялық қызметі үшін өте маңызды оқиға. Бізде радиойодтерапия әдісі алғаш рет қолданылады, емдеу Халықаралық хаттама бойынша жүргізіледі", – деді "Қазақ онкология және радиология" АҚ Басқарма төрайымы, Денсаулық сақтау министрлігінің бас онкологы Диляра Қайдарова.
Оқи отырыңыз:
- "Қатерлі ісіктен жазылуға болады". Обырды жеңген 4 жанның әңгімесі
- Қатерлі ісік, қант диабеті, ревматизм. Әлеуметтік мәні бар сырқатқа шалдыққандарға қандай көмек көрсетіледі?
- Обыр жастарды обып барады
Аймақ басшысы Даниал Ахметов Семей Ядролық медицина және онкология орталығының іске қосылуы үш кезеңнен тұратынын еске салды. Осы жылдың сәуір айында радионуклидтік диагностика бөлімшесі ашылды, ол емдеуді ауру асқынбай тұрып бастауға мүмкіндік береді. Екінші кезең барысында Радионуклидтік терапия бөлімшесі ашылды. Соңғы кезеңде циклотронды және позитронды-эмиссиялық томографтарды қатарға қосу жоспарланып отыр.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1💸 4244 теңге: 1 шілдеден бастап Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін арнайы жәрдемақы мөлшері өседі
-
300
-
0
-
3
-
-
2👨🏻🎓 Биыл 172 мың түлек мектеп бітіреді. Оның ішінде 6,8 мың оқушы "Алтын белгіге" үміткер
-
275
-
0
-
1
-
-
3🎾 Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 3 орынға көтерілді
-
260
-
0
-
11
-
-
4🪖 ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығы ашылды
-
254
-
0
-
5
-
-
5👥 Түркістан қаласының халқы қашан жарты миллионға жетеді?
-
253
-
0
-
5
-
-
6🏙 Астанада халықаралық волонтерлік орталық ашылады
-
256
-
0
-
2
-
-
7😱 Назарбаевтың туыстарына тіл тигізгені үшін салынған айыппұлдар қылмыстық кодекстен алынып тасталады
-
260
-
1
-
11
-
-
8🇰🇿 Яссауи кесенесі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінен сызылуы мүмкін
-
285
-
0
-
5
-
-
9🇰🇿 Қазақстандықтар eGov арқылы өз атына несие алуға тыйым сала алады
-
284
-
0
-
2
-
-
10🔌 Жазда балалардың электр тоғымен зақымдануы жиілейді. Одан қалай сақтану керек?
-
319
-
0
-
4
-