Испания парламентінің төменгі палатасы центристік және солшыл партиялардың қолдауымен заң жобасын мақұлдады.
Ол Еуропадағы белгілі бір жағдайларда өзіне-өзі қол жұмсауға мүмкіндік беретін төртінші ел болды. Заң "төзгісіз азапты" тудыратын "ауыр және емделмейтін" аурулары бар ересектерге өмірін тоқтату туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Заң маусым айында күшіне енеді деп күтілуде.
Осыған дейін Испания өмірден өз еркімен тоқтатуға көмектескендерді 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін еді.
"Бүгін біз адамгершілігі мол, әділетті және азат елге айналдық", – деді Испания премьер-министрі Педро Санчес өзінің дауыс беруінен бірнеше минут өткен соң твиттерде.
Эвтаназияны қолдаушылар заңның қабылдануын құптап, консервативті және діни топтар қарсы келіп, айыптаған.
Бүгінде эвтаназия тек Бельгия, Люксембург, Нидерланды, Канада және Колумбияда заңды.
Айта кетейік, Португалия парламенті де осыған ұқсас заң қабылдағысы келген, бірақ осы аптада елдің жоғарғы соты оны конституцияға қайшы деп шешкен.
Эвтаназия – емделмейтін дерті бар адамның өмірін оның өтініші бойынша тоқтату. Бұл рәсім Нидерландыда, Люксембургта, Бельгияда, Швейцария мен Американың кей штатында рұқсат етілген. Қазақстанда айықпас ауруға шалдыққандарға эвтаназия қолданылмайды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-