Тікелей эфир

Ержан Бабақұмаров халықты МӘМС жүйесімен қамту мәселелері бойынша өңірлік штаб отырысын өткізді

Алматы қаласы әкімдігінің фотосуреті
Алматы қаласы әкімдігінің фотосуреті
Отырыста сақтандыру, әсіресе кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлерінің мәртебесін өзекті ету мәселелері қаралды.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров онлайн форматта халықты міндетті медициналық сақтандыру жүйесімен қамту мәселелері бойынша өңірлік штаб отырысын өткізді. Отырыста сақтандыру, әсіресе кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлерінің мәртебесін өзекті ету мәселелері қаралды.

Ержан Бабақұмаров МӘМС жүйесі бірінші кезекте сапалы және толыққанды медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ететіндіктен, халықты барынша қамту жөніндегі жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде қала тұрғындары медициналық қызметтердің кеңейтілген спектріне, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің пакетіне кірмейтін қымбат рәсімдерге қол жеткізе алады.

Медициналық сақтандыру қорының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, жүргізілген жұмыстар аясында сақтандырылмағандардың саны 402 мың адамды құрады, олардың 35,5%-ы БЖТ төлеушілер; 25%-ы өткен жылдан бастап ешқандай төлем түспеген тұлғалар.

Сақтандырылмағандардың арасында 2020 жылдың соңына дейін жарналар мен аударымдарды төлеуден босатылған шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметкерлері болуы мүмкін. Осы заңды тұлғалар өз қызметкерлерін сақтандыру үшін жарналардың болмауына қарамастан, осы қызметкерлердің деректерін осы жылдың 3 тоқсанының соңына дейін msb.fms.kz сайтына енгізулері қажет.

Штаб төрағасы Ержан Бабақұмаров алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары деңгейінде түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сақтандырылмағандардың басым бөлігі ШОБ секторына тиесілі болғандықтан Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен, Іскерлік және Өңірлік кеңестермен бірлесіп, шағын және орта бизнестің ерекшелігіне назар аудара отырып жұмыс тәсілдерін өзгерту қажет.

Серіктестер жаңалықтары