Тікелей эфир

Ермахан Ибраимов чемпиондар мен ардагарлер комиссиясының мүшесі болып тағайындалды

Сидней Олимпиадасының чемпионы, Олимпиадалық дайындық орталығының директоры Ермахан Ибраимов чемпиондар мен ардагарлер комиссиясының мүшесі болды.

Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) директорлар басқармасының дауыс беру нәтижесі бойынша Қазақстанның екі өкілін өзінің басқарушы органдарының өкілі етіп тағайындады.

Қазақстан бокс федерациясының менеджері Мейрам Нұртазин жарыстарды өткізу мәселелері жөніндегі комиссия құрамына кірді. Ал Сидней Олимпиадасының чемпионы, Олимпиадалық дайындық орталығының директоры Ермахан Ибраимов чемпиондар мен ардагарлер комиссиясының мүшесі болды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы ресми хабарлады.

Жаңа тағайындалған қазақстандықтарға хатты AIBA президенті Умар Кремлев жолдады. Ол Қазақстаннан тағайындалған өкілдердің тәжірибесі мен біліктілігі ұйымды дамытуға елеулі үлес қосатынын айтты. Алдағы уақытта ол ұйымның жаңа мүшелерімен ертерек танысып, жұмысты бастауды күтіп отырғанын айтқан. Сондай-ақ, Азиялық бокс конфедерациясы да құттықтау жолдады.

Ермахан Сағиұлы Ибраимов – Қазақстандық әуесқой боксшы, 2000 жылы Олимпиада чемпионы, 1996 жылғы Олимпиада ойындарының және 1997, 1999 жылғы әлем чемпионаттарының жүлдегері. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған. Бокстан 1988 ж. КСРО, 2000 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Бокс бойынша ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Айта кетейік, Ермахан Ибраимов биыл қаңтарда Nur Otan партиясынан Алматы мәслихатына депутат болды.

Ибраимов бұған дейін саяси жанжалдың ортасында қалған. 10 қаңтарда, мәжіліске сайлау күні, көпшілік Ибраимовты Алматыдағы наразылық білдірушілерге қарсы агрессивті әрекет жасағандардың ішінен таныған. 

Интернетте Ибраимовтың наразылық білдірушілердің постерлерін жыртып тастағаны туралы видео кадрлар тарап кетті. Кейінірек Ибраимов Алматыдағы митингке қатысқанын және сол жерде жанжалды жағдай туындағанын мойындады. 24 қаңтарда боксшы туралы полицияға сайлау күні өткен митингідегі жанжалдан кейін хабарланғаны белгілі болды. 25 қаңтарда Әйгерім Тілеужанова өзін боксшыны  ұрды және ұсақ бұзақылық жасады деп айыптады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары