Тікелей эфир

Емтихан тапсыра алмаған студенттер де стипендия алуы мүмкін. Жаңалықтарға шолу

Сурет Informburo.kz
Сурет Informburo.kz
Сұлулық салондарында жұқпалы аурулармен ауыратындар анықталды. Алдағы тәуліктерде күн жылынады.

Биржада доллар арзандады

Қазақстан қор биржасының таңертеңгілік сессиясының қорытындысында АҚШ валютасы орташа бағаммен 375,61 теңгеге сатылды. Өткен жұмадағы бағаммен салыстырғанда доллар 3,12 теңгеге арзандады.

Әртістерді Президент туралы мақтау әндерін шырқамауға шақырды

"Өзбекконцерт" мемлекеттік мекемесінің басшысы Одил Абдукаххаров әншілердің мұндай өнерлерін қоғам теріс қабылдайтынын айтады. Жақында жарық көрген Джахангир Позилжоновтың "Менің президентіммен селфи" атты туындысы осыған дәлел дейді ол.

Айтуынша, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевке мұндай жарнаманың қажеті жоқ. "Өзбекконцерт" басшысы Президент образын пайдаланып, мән-мағынасы жоқ өлеңдер айтып жүрген әртістердің біразын сынға алды.

Мемлекеттік мекемелер бір жылда шетелдік машиналерды сатып алуды бес есеге азайтқан

Өткен жылы мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компаниялар 20,68 млрд теңгеге 3 315 автокөлік сатып алған. Олардың 97 пайызы Қазақстанда құрастырылған. Қызметтік көліктердің ең көбі LADA 4x4 маркасы екен.

Сұлулық салондарында жұқпалы гепатит ауруымен ауыратындар анықталды

Өткен жылы Астанадағы 16 сұлулық салонының қызметкері С және В вирусты гепатитімен ауырған. Олар "Аstana mall" сауда орталығы мен "Ажар", "Артём" сауда үйі және "Ақжайык" ТК салондар мен шаштараздарда қызмет көрсеткен.

Бұдан бөлек "Визит", "Рабиға", "Золото", "Дина" сұлылық салонының қызметкерлерінен де В және С вирустық гепатиті анықталған. 47 адам осындай сұлулық салондарына барғаннан кейін дермотофитияға (жұқпалы тері ауруы) шалдыққан.

Емтихан тапсыра алмаған студенттер де стипендия алуы мүмкін

Білім және ғылым министрлігі емтиханды қалай тапсырғанына қарамастан барлық студентке бірдей мемлекеттік стипендия төлеуді ұсынды. Қазір стипендияны емтиханды "жақсы" және "өте жақсы" бағамен жапқандар ғана ала алады. Бұдан былай БҒМ "қанағаттанарлық" бағасын алғандарға да стипендияны сақтамақшы.

Министрліктен хабарлағандай, бұл ұсыныс биылғы жастар жылымен сондай-ақ Елбасының жастарды жан-жақты қолдау тапсырмасымен байланысты болып отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органының қызметкері пара алғаны үшін ұсталды

Қостанай облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бюроның қызметкері Асқар Жаналинов жемқорлыққа жол бергені үшін өз әріптестерінің өтінішхаты бойынша екі айға қамауға алынды. Оған ҚР қылмыстық кодексінің 24 және 366-баптарына сәйкес күдік келтіріліп отыр.

ҚК-тың 366 бабы бойынша мүлікті тәркілеу, мемлекеттік лауазымдарды иелену құқығынан өмір бойына айыру, сондай-ақ алған пара сомасынан алпыс есе мөлшерінде айыппұл салу немесе жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазақстандық БАҚ не жазды:

Inform.kz: Қазақстанда алдағы тәуліктерде күн жылынады. Республикадағы ауа температурасының төмендеуіне алып келетін солтүстік-шығыс тропосфералық ауа ағындарын бірте-бірте батыс және оңтүстік-батыс ағындар алмастырады. Сондықтан алдағы үш күнде Қазақстандағы ауа температурасы орташа климаттық мәнге жуықтайды. Оңтүстік облыстар арқылы жылжыған циклон жауын-шашын әкеліп, оңтүстікте және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасының көтерілуіне себепші болады.

Baq.kz: Грек жаңғағы депрессиямен күресуге көмектеседі. Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келді. Олар грек жаңғағының адамның психологиялық денсаулығына әсері туралы зерттеу жүргізді. Мамандар 26 мың адамнан сауалнама алған. Анықталғандай, грек жаңғағын тұрақты жеген адамдарда депрессияға шалдығу деңгейі 26 %-ке төмен болған. Өз рационына грек жаңғағын қоспаған адамдар ұрақты психологиясымен және денсаулығының мінсіздігімен мақтана алмаған.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары