Тікелей эфир

Елтаңба авторы Шот-Аман Уәлиханов қайтыс болды

Шот-Аман Уәлиханов
Шот-Аман Уәлиханов
Көрнекті сәулетші 88 жасында өмірден өтті.

Көрнекті сәулетші, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет", "Парасат", "Отан", "Даңқ" орденінің иегері, ҚР мемлекеттік Елтаңбасының авторы, Тəуелсіз "Тарлан" сыйлығының лауреаты, ҚР сəулетшілер, дизайнерлер, жазушылар суретшілер одағының мүшесі, бүкіләлемдік Шыңғыс хан академиясының, Шығыс елдері Халықаралық сәулет академиясының, халықаралық сəулет академиясының академигі Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлиханов қайтыс болды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Instagram парақшасында мәлімдеді.

"Шот-Аман Ыдырысұлы саналы ғұмырын сүйікті ісіне арнап, мағыналы өмір сүрген өз ортасына сыйлы, болмысы бөлек жан еді. Ол халқымыздың тарихындағы ардақты тұлғалардың ескерткішін жасап, ер есімін ел арасында ұлықтауға, сәулеті көз тартар ғимараттардың бой көтеруіне сүбелі үлес қосты. Ғибратты азаматтың асыл бейнесі, ерен еңбегі туған-туыс пен қалың қазақтың көңіл төрі мен жүрек түкпірінде мəңгі сақталады. Марқұмның көзі тірісінде жасаған игі-жақсы амалдары алдынан жарылқасын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа, алды пейіш, арты кеніш болсын. Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихановтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын", – деді Ақтоты Райымқұлова.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ақтоты Райымқұлова (@aktotyraiymkulova)

Шот-Аман Уәлиханов елордадағы Кенесары Қасымұлы, Қостанайдағы Ахмет Байтұрсынұлы, Ерейментаудағы Бөгенбай батырдың, ШҚО-дағы хакім Абай мен Шәкәрімнің, Алматыдағы Шоқан Уәлиханов, Дина Нұрпейісова, Əліби Жангелдин, Тоқаш Бокин, Ғани Мұратбаев, Нұрмолда Алдабергенов, Талғат Бигелдинов, Жұмағали Саин, Тайыр Жароков, Тахауи Ахтанов, Əбу Сəрсенбаев, Дінмұхамед Қонаев, Тілес Қажығалиев, Құрманай Омарова, Нұрғали Тасмағамбетов, Шафик Чокинге арналған туындылардың авторы. Сол сияқты Алматыдағы "Динамо" стадионы, Алматы қаласы əкімдігінің, қазақ-неміс университеті ғимаратының, Қарағандыдағы Космонавтика монументі сынды нысандардың жобасын жасаған. 

Сегіз қырлы, бір сырлы қайраткер Қазақстандағы сәулет және бейнелеу өнерінің өзекті мәселелерін көтерген көптеген ғылыми мақаламен қатар бірқатар драмалық шығарма жазды. Олардың қатарында "Тағдыр", "Шоқанның анты", "Ақнұр", "Шоқанның ақ түндері", "Террор" атты пьесасы бар. 

Серіктестер жаңалықтары