Тікелей эфир

Елордалық волонтёрлар тұрғындарға ыстық шай ұсынды

Фото astana.gov.kz сайтынан алынды
Фото astana.gov.kz сайтынан алынды
Таңертеңнен бастап белсенді жастар шағын автобуспен қаланы аралап, елорда тұрғындарына ыстық шай таратты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қытымыр аяздың келуі мен ауа райының нашарлауына байланысты жастар мен белсенділерден құралған еріктілер тобы #Нұрсұлтанқайырымдықала ауқымды акциясын ұйымдастырды. Қар түскелі бері соңғы екі апта бойы еріктілерден құралған жедел топтар зейнеткерлерге, жалғыз басты қарияларға аула аумақтарын қардан тазартуға көмектесіп, қатты аяз күндері адамдар көп жиналатын жерлерде – базарларда, аялдама кешендерінде және тағы басқа жерлерде ыстық шай таратады.


Фото http://astana.gov.kz/ сайтынан

Еріктілер қала тұрғындарына ыстық шай таратып жатыр / Фото astana.gov.kz сайтынан алынды


Сондай-ақ, белсенділер автокөлік иелерін бірінші кезекте балалары бар әйелдер мен қарт адамдарды тегін тасымалдауға шақырады.

Таңғы сағат 8:00-ден 10:00-ге дейін, сондай-ақ, кешкі сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін орталықтың 40 еріктісі қаланы аралап, аялдамаларда шай мен кофе таратты. Жастар 1500-ге жуық қала тұрғындарын ыстық сусынмен жылытты. Тоңып қалмау үшін еріктілер ауысыммен жұмыс істеді.


Фото http://astana.gov.kz/ сайтынан

Шара қыс аяғына дейін жалғасады / Фото astana.gov.kz сайтынан алынды


– Қазіргі уақытта қалада аяз күшейіп жатыр. Мектептерде сабақтар тоқтатылды. Осындай мейірімді іс-әрекеттермен біз айналаға жылылық сыйлап, достық атмосферасын қалыптастырамыз, жастарды адамдарға көмектесуге үгіттейміз. #Нұрсұлтанқайырымдықала акциясы осы қыс мезгілін толық қамтитын болады, сондықтан біз баршаңызды акцияға қосылуға және мұқтаж жандарға көмек көрсетуге шақырамыз. Әлеуметтік желілерде #Нұрсұлтанқайырымдықала хештегімен жақсы істеріңізбен бөлісуіңізді сұраймыз, – деді волонтёр Инабат Қадырша.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары