Ал таяу күнде баскетбол алаңы іске қосылады.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы хабарлады.
Тұңғыш Президент паркінде үш фонтан іске қосылған. Олардың негізгісі – су бу бұлты мен кемпірқосақ әсері бар доға пішіндес.
"Арнайы жарық шамдарының арқасында тұрғындар фонтаннан кемпірқосақты тамашалай алады. Айнала әткеншектер орнатылған", – делінген басқарманың хабарламасында.


Субұрқақтарды жобалау кезінде елордалық урбанистер жаяу жүргіншілердің жолын ескерген. Оған қоса, Тұңғыш Президент паркінде балаларға арналған жаңа алаң ашылған. Ал таяу күнде баскетбол алаңы ашылмақ.
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда Қажымұқан Мұңайтпасұлына ескерткіш орнатылады
lw-3094948329-1
USD:
508.1 / 513.1
EUR:
594.0 / 600.0
RUB:
6.43 / 6.55