Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлады. Сауда орталығында вакцинация 12 сәуірде басталған. Вакцинаның компоненттерін бірінші қабаттағы Mega Аrenа мұз айдынынан алуға болады. Егу пункті 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.
"Біз мұз айдынына сертификаттар береміз. Мұнда конькимен бір сағат жүруге болады. Сертификаттың нақты уақыты жоқ. Қалаған уақытыңызда кіре аласыз. Сондай-ақ, СОО-да бутиктерді жалға алушылардың жеңілдік сертификатын береміз. Оларың арасында Marrone Rosso, Tchibo кофеханалары, Sadu мейрамханасы бар. Олардың сертификаттары сол күнге жарамды. Осылайша біз халықты ынталандыруға тырысамыз. Жұрттың вакцина алып, ұжымдық иммунитетті қалыптастыруына үлес қосамыз", – дейді әкімшілік-шаруашылық бөлімі жетекшісінің орынбасары Абзал Ахметов.
Сыйлықтар мен сертификаттар вакцинаның қандай компоненті алынғанына қарамастан беріледі. Екпе алу үшін жеке куәлік қана қажет.
Оқи отырыңыз: Елордадағы "Сарыарқа" сауда орталығында екпе алғандарға сыйлықтар таратылды
Жалпы, елордада коронавирусқа қарсы вакциналаудың 100-ден астам пункті ашылған: БМСК мекемелерінде, сондай-ақ ірі СОО мен сауда үйлерінде. Олардың қатарында Mega Silk Way, Keruen, "Хан Шатыр", "Абу-Даби Плаза", "Азия Парк", "Сарыарқа" СОО-лары және "Әлем", "Еуразия" сауда үйлері бар. Вакцинация пунктері демалыссыз сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.