"Елорда жастары" тұрғын үй бағдарламасының талаптары белгілі болды

Бағдарламаға қатысуға ерлі-зайыптылардың біреуіне ғана рұқсат етіледі. Үміткердің жасы 35-тен аспауы тиіс.

"Елорда жастары" бағдарламасының негізгі бастамашысы – Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі. Тиісінше, оны жүзеге асыруға қалалық бюджеттен ақша бөлінеді. Бөлінетін кредиттің жоғарғы шегі – 13 миллион теңге шамасында. Ал бастапқы жарна – пәтер ақысының 10 пайызы. Бағдарламаның қашан басталатынын Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі таяуда хабарлайды. Әзірге Informburo.kz ресми сұрауына орай, Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы ұсынған бағдарламаның шарттарымен таныстырамыз. 

Бағдарламаға кімдер қатыса алады?

  • Денсаулық сақтау, атап айтқанда: Нұр-Сұлтанда орналасқан денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдарда жұмыс істейтін жоғары және орта буын медицина қызметкерлері;
  • білім беру: Нұр-сұлтан қаласының мемлекеттік қалалық және республикалық мекемелерінің білім беру саласындағы тиісті жоғары және орта білімі бар педагог қызметкерлері;
  • мәдениет: техникалық персоналды қоспағанда, мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдардың бейінді қызметкерлері;
  • спорт: Нұр-сұлтан қаласының мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдарында спорт саласындағы еңбек қызметін жүзеге асыратын спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылар;
  •  ЖОО - лар мен ҒЗИ: ұлттық ЖОО-лардың, Мемлекеттік қалалық және республикалық ғылыми-зерттеу институттарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері;
  • журналистер: тікелей өндірістік қызметпен айналысатын журналистер мен БАҚ қызметкерлері (журналистер, тілшілер, продюсерлер, беттеушілер, редакторлар, режиссерлер, дыбыс режиссерлері, теле-радиожүргізушілер, фотографтар, телерадио хабарларын тарату жөніндегі инженерлер, графикалық және мультимедиалық дизайнерлер, телерадио хабарларын тарату жөніндегі техниктер, аудио-бейне операторлар, Телекоммуникациялар жөніндегі монтаждаушылар, контент-менеджер, жарық беруші, веб-дизайнерлер, медиа жоспарлау жөніндегі менеджер, медиа талдаушы, SMM-маман) растайтын құжаттары (жұмыс орнынан жұмыс өтілі мен лауазымы көрсетілген анықтама еңбек кітапшасы, білімі туралы диплом, БАҚ есепке қою туралы куәлік) бар..
  • әлеуметтік сала: техникалық персоналды қоспағанда, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қалалық ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкерлер.
  • Нұр-сұлтан қаласының коммуналдық кәсіпорындарының қызметкерлері (коммуналдық мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер).

Оқи отырыңыз: "Алматы жастарына" құжат қабылдау 10 наурызда басталады. Тұрғын үй бағдарламасының биылғы шарттары қандай?


 

Бағдарлама талаптары:

  1. Жұбайының жасына қарамастан, бағдарламаға қатысу үшін өтініш берген кездегі Бағдарламаға қатысушының жасы 35 жастан аспауы тиіс. Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде қатысуға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана рұқсат етіледі. 
  2. Бағдарламаға қатысу үшін өтініш берген кезде балалары мен отбасының басқа мүшелерінде де  кем дегенде екі жыл Нұр-Сұлтан қаласында тұрақты тіркеуінің болуы шарт. 
  3. Үміткерде бағдарламаның және оның отбасы мүшелерінің меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы, сондай-ақ соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан аумағында тұрғын үй жағдайларының, оның ішінде ортақ бірлескен меншіктің, отбасының басқа мүшелерінің ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлесінің болмауы; 
  4. Бағдарламаға қатысушы немесе отбасы мүшелері кәмелетке толғанға дейін жекешелендіру немесе мұрагерлік құқығының нәтижесінде алған жылжымайтын мүліктегі үлесін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік бағдарламалар желісі бойынша алынған жалға берілетін тұрғын үйдің  немесе үйді әдейі бұзу фактілерінің болмауы. 
  5. Қатысушының Нұр-Сұлтандағы ресми жұмыс өтілі өтініш бергенге дейін кемінде бір жыл.
  6. Нұр-Сұлтанда тіркелген әрекет етуші жеке кәсіпкер (кем дегенде жарты жыл мерзім қызмет етуі тиіс). Бұл талап Мәдениет саласының қатысушыларына қатысты.

Оқи отырыңыз: Тұрғын үй бағдарламалары көбейді. Биыл баспаналы болудың 11 мүмкіндігі


 

Үміткерлер қалай іріктеледі?

  • толық 1 жыл жұмыс өтілі – 5 балл, толық емес жыл үшін – 3 балл;
  • отбасындағы әр бала үшін – 20 балл;
  • отбасында 1, 2, 3 топтағы мүгедектер мен мүгедек балалардың болуы – 10 балл.

Үміткерлер балл санының жоғары болуына қарай іріктеледі. 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары