Елена Рыбакина тұңғыш рет теннистен "Ролан Гаррос" турнирінің төртінші айналымына өтті

Ол Олимпиада чемпионы Елена Веснинаны 6:1, 6:4 есебімен жеңді.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан Үлкен дулыға турнирлерінің бірі – теннистен Франция ашық чемпионаты "Ролан Гарросты" жалғастырады.

"Елена Рыбакина 4 маусым Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздер күнінде "Ролан Гаррос" турнирінің үшінші айналымында Ресей спортшысы, Олимпиада чемпионы Елена Веснинаны 6:1, 6:4 есебімен жеңіп, тұңғыш рет Франция Ашық Біріншілігінің төртінші айналымына өтті", – деп жазды Қазақстан Теннис федерациясы Инстаграм парақшасында.

Матч 1 сағат 5 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші келесі айналымда атақты америкалық спортшы Серена Уильямспен не Даниэль Коллинзпен кездесуі мүмкін. Рыбакинаның келесі қарсыласы бүгін белгілі болады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз