
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қоғам қайраткерлері мен жастар арасында кездесу ұйымдастырылды.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен қоғам қайраткерлері мен жастар арасында "ЖАҚСЫДАН ТӘЛІМ" атты еркін форматтағы кездесу ұйымдастырылды.
Түркістан – жастардың алтын ордасы. Мұнда жаңа идеялар мен игі бастамалар аз емес. Тіпті оңтүстік жастарының басым көпшілігі осында білім алып, жұмыс істеп жатыр.
Аталмыш шараға Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, "Құрмет", "Парасат" ордендерінің иегері Жеңісбек Мәуленқұлов, "Құрмет", "Парасат" ордендерінің иегері, облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Шәріпбек Жамалбекұлы, "Құрмет" орденінің иегері, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Өмірзақ Мелдеханов және Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Сариев Дәурен Нұрланұлы қатысты.
Жиын барысында сөз бастаған Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерекесімен құттықтай отырып, жастарды Тәуелсіздігіміздің қадірін біліп, еліміздің дамуына үлес қосуға шақырды.
Ел тәуелсіздігінің тұғыры биік болуын сөз етіп,бүгінгі жетістіктің негізгі басты себебі – егемендік екеніне ерекше тоқталды. Бұл ретте оңтүстік жастарының белсенділігі мен 30 жылдыққа қосар үлес,салмақтары екшеліп,болашақта атқарылар жұмыстардың барысы талқыланды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1☂️☀️Қазақстанның алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
-
419
-
0
-
4
-
-
2🌉 Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысы 1 қыркүйекке дейін шектеледі
-
325
-
0
-
0
-
-
3⛵️ Жазғы демалысты қалтасы көтермейін қазақстандықтардың саны артты
-
303
-
0
-
5
-
-
4🎬 Ашаршылық туралы "Қаш" фильмі Шанхай халықаралық кинофестиваліне өтті
-
275
-
0
-
5
-
-
5✈️ "Әуе компанияларына сәлем айтыңыз". Ринат Зайытов ұшаққа домбыра алып кіруге рұқсат беруді талап етті
-
260
-
1
-
2
-
-
6👨🏭👷♂️ Біліктілігі жоқ жұмысшылардың жалақысы 2 есе артады
-
210
-
0
-
3
-
-
7Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
-
194
-
0
-
0
-
-
8🛏 Әлеуметтік осал топ санатындағы студенттердің жатақхана шығынын мемлекет төлейді
-
196
-
0
-
2
-
-
9⏺️ Қазақтың құрақ көрпесі Гиннес рекордтар кітабына енді
-
212
-
0
-
0
-
-
10😱Кісі өлтіру, зорлау, ұрып-соғу. Бес облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейген
-
199
-
0
-
1
-