Үйде отырып-ақ, Луврды қалай тамашалауға болады? Informburo.kz тілшісі әлемдегі виртуал көрермен режимі бар 10 музейдің топтамасын жасады.
Лувр
Лувр – Еуропадағы тұңғыш музей. 60 мың гектар аумақта орналасқан музейде 350 мыңнан астам тарихи жәдігер сақталған. Музей 1793 жылы Француз революциясы етек алған кезде ашылған. Оған дейін ерте ортағасырлық Парижді басқыншылардан қорғаған қамал болған.
Луврда бұрынғы корольдік мұралары, монастырлар мен шіркеулерден, бай әулеттерден жиналған коллекциялар тұр. Оның ішіндегі ең танымал экспонаттар ретінде Леонардо да Винчидің "Мона Лиза" картинасы, Венера Милосская мүсіні аталады.
Луврды ресми сайтынан вируталды түрде тамашалауға болады. Өкінішке қарай, виртуалды турда барлық зал қамтылмаған.
Ватикан музейі
Рим қаласында орналасқан музейлер кешені. Құрамында Антикалық музей, Этруск өнер музейі, Египен музейі, Пинакотека, Гобелендер галереясы, Географиялық карталар галереясы, КІтапхана, Тарихи апартменттер енеді.Ватикан пинакотекасы 15 ғасырда салынған. Музей ғимаратын салуға және көркемдеуге ительян суретшілері Пьетро Перуджино, Лоренцо Лотто, Джованни Содомо, Бальдассаре Перудци қатысқан.
16 ғасырдың басында Юлий ІІ папа Ватиканға жұмыс істеуге Донато Браманте, Микеланджело Буонарроти, Рафаэль Сантиді шақыртқан. Олар Ватикан қабырғасын фрескамен өңдеген. Кейін бұл істі олардың шәкірттері жалғастырған.
Бұл жердің барлық сұлулығы мен ұлылығын бейне немесе фото арқылы жеткізу мүмкін емес. Бірақ, соған қарамастан, музей әлем халқына арнап, Сикстин капелласына виртуал тур ұйымдастырған. Онда декорация мен фрескаларды тамашалуға болады. Сондай-ақ бірқатар залдың суреттері бар.
Дали театр музейі
Сальвадор Далидің театр музейі – әлемдегі ең үлкен сюрреалистік экспонат. Ол Испаниядағы танымал музейлердің бірі.
Музейді салу идеясы 1961 жылы пайда болған. Фигерас қаласының мэрі суретшіден қалаға туындыларын сыйлауын сұрайды. Суретші оның орнына музей салуды ұйғарады. 1974 жылы театр музей ресми түрде ашылды. Музей қорында 1500-ден астам экспонат бар.
Интерактивті турдың арқасында музейдің бірнеше бөлімін тамашалауға болады.
Эрмитаж
Дүние жүзіндегі ең ірі көркемсурет және тарихи-мәдени музей әлемдегі ең көп көрілетін 10 музейдің қатарына жатады. Ол 1764 жылы Санкт-Петербург қаласында Екатерина ІІ-нің жеке қоры негізінде ұйымдастырылған.
Эрмитажда алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі және ежелгі шығыс, көне, орта ғасыр өнері ескерткіштері жинақталған. Коллекция қатарында Рафаэль, Леонардо да Винчи, Микеланджело, сынды Батыс Еуропа өнері шығармалары, Рембрандт пен Рубенстің ең үздік полотнолары, 17-18 ғасырлардағы француз және 18 ғасырдағы ағылшын кескіндемелері бар. Музейде барлығы 2 млн 400 мыңға жуық зат сақталған.
Музейді ресми сайтынан тамашалауға болады.
Фрида Калоның музей үйі
Фрида Кало – әлемдегі ең әйгілі суретші әйел. Оның күйеуі мексикалық суретші Диего Риверамен бірге тұрған және жұмыс істеген көк үйі бүгінде музейге айналған. Музей үй Мехикодағы Койоака ауданында орналасқан.
1958 жылы, суретшінің өлімінен бірнеше жыл өткен соң, осы үйде Фрида Кахло Музео ашылды, егер сіз оның өмірі мен шығармашылығының фантасмагорлық әлеміне бас сұғыңыз келсе, мұны тек осында жасай аласыз.
Мұнда суретшінің туындылары, жеке заттары, кітаптары мен мүсіндер коллекциясы жиналған. Үстел үстінде қалған қылқаламдар мен бояулар, әр жерде қалған жеке заттар иесі кез келген уақытта кіріп келетіндей әсер қалдырады. Тіпті Фриданың өлер алдында таққан бетпердесі де бар. Суретшінің күлі үйдегі бақа пішіндес сауытта сақталған.
Музейді онлайн түрде Google Art & Culture жобасы аясында тамашалауға болады.
Вашингтондағы Ұлттық табиғи тарих музейі
Музейде өсімдіктердің, жануарлардың, түрлі қазбалардың, минералдардың, тау жыныстарының, метеориттердің, сондай-ақ археологиялық және мәдени артефактілердің 126 миллионнан астам үлгісі жиналған. Ол 1910 жылы құрылған. Музейді Смитсон институты басқарады.
Музейге кіру тегін. Ол жылына 364 күн, яғни Рождестводан басқа күндері ашық.
Виртуал тур арқылы динозаврлар залын, асыл тастар залын және тағы да басқа залдарды тамашалауға болады.
Фрик топтамасы
Нью-Йорктегі Фрик топтамасы Ресейдегі Третьяков галереясына ұқсас. Бұл жерде де өнер әлемге тиесілі болуы керек деп шешкен адамның жеке жинағындағы картиналар, мүсіндер топтастырылған. Мұражай 1935 жылы ашылған кезде келушілер жинақтағы туындыларды көріп, таң-тамаша болған деседі. Топтамада Вермеер, Гойя, Ван Дайк, Тициан, Эль-Греко және басқа да көптеген Батыс Еуропа суретшілерінің еңбегі жиналған.
Топтаманы музейдің ресми сайтынан тамашалай аласыз.
Ван Гог музейі
Винсент Ван Гогтың жұмыстарына арналған Амстердам қаласында орналасқан шығармашылық мұражай. Мұражайда Ван Гогтың барлық дерлік суреті сақталған. Сонымен қатар Пол Гоген, Жорж Сер, Пол Синьяк, Клод Моне, Анри Тулуз-Лотрек, Пабло Пикассоның жұмыстары да бар.
Музейдегі топтама хронологиялық ретпен қойылған. Мәселен, Ван Гог туындылары алғаш жұмыстары, Париж, Арле, Сан-Реми және Овер сынды бес кезеңге топтастырылған.
Музейді Google Art & Culture жобасы аясында виртуалды түрде тамашалау мүмкіндігі бар.
Галилео музейі
Музей өз заманының ұлы тұлғасы – физик Галилео Галилейді еске алуға арналған. Онда тек ғалымның өміріне байланысты заттарды ғана емес, сонымен қатар кейбір заттардың қалай дамығанын қадағалауға болады. Ол бастапқыда Ғылым тарихы институты мен музейі деп аталған. Кейін Галилео Галилей музейі деп өзгертіліп, 2010 жылы қайта ашылды.
Музейде Лотарингия мен Медичи отбасылары мен ғылым,техниканың дамуы арасындағы байланысты дәлелдейтін әлемдегі ең маңызды ғылыми аспаптар топтастырылған.
Музейдің бірінші қабатында 15-18 ғасырларға жататын Медичи коллекциясы орналасқан. Тұрақты көрмеде Галилео Галилейдің барлық артефактілері, соның ішінде екі телескоп, Accademia Cimento мүшелері пайдаланатын термометрлер және Антонио Сантуччи жобалаған және салған алып қарулы сфераны қоса алғанда, жер және аспан глобустарының ерекше топтамасы бар.
Ал екінші қабатта Лотарингия әулеті (18-19 ғасырлар) жинаған құралдар мен тәжірибелік аппараттар орналасқан. Көрмеде сонымен қатар Санта Мария Нуова ауруханасындағы балауыз үлгілер, Герцог Питер Леопольдтың химия кабинеті және іргелі физикалық заңдылықтарды суреттейтін Жаратылыстану тарихы мұражайының шеберханаларында жасалған бірегей машиналар қойылған.
Музейді ресми сайтынан онлайн "аралауға" болады.
Ұлттық әйелдер өнері музейі
Бұл әйелдердің шығармашылына ғана арналған жалғыз музей. 1987 жылы ашылған. 800-ден астам суретшінің 4 мың шығармашылық жұмысы қойылған. Олардың арасында картиналар мен мүсіндер, инсталляциялар топтастырылған.
Төрт қабатты музей ғимараты бұған дейін масон ғибадатханасы ретінде де танылған.
Музейді Google Art & Culture жобасы аясында онлайн тамашалай аласыз.