Тікелей эфир

Құс фабрикасының басшысы: Қазақстан ішкі нарықты құс етімен қамтамасыз ете алмай отыр

Қазақстандықтар жылына 340 мың тонна құс етін тұтынады, оның 35 пайызы шетелден әкелінеді.

Батыс Қазақстан облысында "Жайық-Ет" құс фабрикасында бройлер еті өндіріледі. Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 20 тоннадан асады. "Жайық-Ет" өнімдері БҚО нарығында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында сатылымда.

Жұмыртқалар Башқұртстаннан әкелінеді. Дүкендегі жұмыртқа бір ұрықты болса, фабрикада – үй тауықтары басатын инкубациялық жұмыртқалар. Балапан 22 күннен кейін жарып шығады. 18 күн инкубация шкафында белгілі бір температура мен ылғалда тұрады. Содан кейін үш күн басқа сөреге ауыстырылады.  

Кәсіпорында 30 корпус бар. Әр корпуста 25 мың тәуліктік балапан орналасқан. Жарып шыққан балапанның 96 пайызы тірі қалады. 18 корпус жұмыста болса, алты корпус дезинфекциялау мақсатында бос тұрады.

"Жылына 4,5 млн бройлер тауығын өндіреміз. Бір уақытта фабрикада 650 мың құс тұрады. Жалпы құс шаруашылығы машақаты көп қиын сала, себебі бір құс ауырса бәріне жұғады. Сондықтан вирустан қорғау шараларын жүргіземіз. Күніне 70 тонна азық дайындайтын жем  цехымыз бар. Құс азығы үш компоненттен тұрады: бидай, соя күнжарасы, өсімдік майы. Дән беріп қарап отыруға Болмайды. Құс та құнарлы азықпен қоректенуі керек. Соя күнжарасының жартысы ақуыздан тұрады. Ал майдан энергия беріледі. Жасыратыны жоқ, облыста жем тапшы, бағасы да көтерілді. Бұл уақытша мәселе деп ойлаймын. Биыл құс шаруашылығына өте ауыр жыл болды", – деді "Жайық-Ет" ЖШС бас директоры Темірғали Ескендіров.

"Жайық-Ет" ЖШС бас директоры Темірғали Ескендіров

Оның сөзінше, Қазақстан жылына 340 мың тонна құс етін тұтынады. Елімізде 220 тонна құс еті өндіріледі. Қалғаны сырттан әкелінеді. Сондықтан экспорт туралы айту қиын. "Жайық-Ет" ЖШС Батыс Қазақстан облысын толығымен құс етімен қамтамасыз етуді көздейді. Бүгінде нарықтағы үлесі – 25%.

Фабрика аумағында кәдеге жарату зауыты жұмыс істейді. Құс қалдықтары арнайы қазандықта 8 сағат бойы 140 градуста өңделіп, тыңайтқышқа айналады. Құс қиы да тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.

"Адамдар көбінесе мұздатылған құс етін алады. Біз бұл тенденцияны өзгертіп жатырмыз. Өнімдеріміздің 40-50 пайызы салқындатылған түрде шығарылады. Айына жергілікті нарыққа 300 тонна өнім сатамыз. Фабрикада 238 адам жұмыс істейді", – деді Темірғали Ескендіров.

2016 жылы "Сбербанк" АҚ ЕБ 4 млрд теңгеге "Жайық-Ет" құс фабрикасы кешенінің құрылысын қаржыландырған. Сондай-ақ, жыл сайын банк кешенді жаңғыртуға, жабықтар мен техникалар сатып алуға қаржы бөліп келеді.

"Несие кәсіпорынға алты пайызын берілді, қалған 8%-ы мемлекетпен субсидияланады. Қала үшін бұл жоба қажет. Өңірде осыған дейін мұндай өндіріс болған жоқ. Біз бройлер балапанын өсіру мен оны сойып, сатуға дейін бағытталған  құс фабрикасының құрылысына 3 млрд теңгеден астам сомада қаржы салдық", – деді "Сбербанк" АҚ ЕБ Орал қаласындағы филиалының директоры Светлана Шашкова. 

Серіктестер жаңалықтары