Желтоқсан айында танымал "Матрица" фильмінің төртінші бөлімі көрерменге ұсынылады.
Коронавирус пандемиясына байланысты соңғы 2 жыл ішінде жарыққа шығуы тиіс фильмдердің біразы кешіктірілгені белгілі. Сарапшылардың пікірінше, кино нарығы биылғы көктемнен бастап бірте-бірте қалыпқа түсіп келеді. CinemaWorld хабарлауынша, биыл жарыққа шығатын кинолар қатарында фантастика жанрындағы фильмдердің үлесі басым. Осы орайда жыл соңына дейін жарыққа шығатын 6 фантастикалық фильмнің топтамасын ұсынамыз.
Болашақ соғыс (The Tomorrow War)
Жанры: ғылыми фантастика, экшн, триллер
Премьера: 22 шілде
Крис Пратт (Галактика күзетшілері) мен Ивонне Страховски (Қоянның ертегісі) Крис Маккейдің фантастикалық экшн-фильмінде (Лего фильмі: Бэтмен) басты рөлді сомдайды. Фильм адамзат келімсектермен соғыста жеңіліп жатқан әлемді баяндайды. Басқыншыларға қарсы тұру үшін ғалымдар өткен өмірдегі сарбаздарды қайта шақыру әдісін ойлап табады.
Мүлгіген мекен - 2 (A Quiet Place: Part II)
Жанры: ужас, триллер, фантастика
Премьера: 8 қыркүйек
Джон Красинский әйгілі фантастикалық картинаның жалғасын түсірді. Екінші бөлімде Ли Эбботтың әйелі мен балалары жаңа қауіпсіз жерге көшуге тырысады. Бірақ жолда кейіпкерлерге тырс еткен дыбысты еститін құбыжықтар қауіп төндіреді.
Дюна (Dune)
Жанры: ғылыми фантастика, шытырман оқиға
Премьера: 16 қыркүйек
2021 жылы киномандар күтіп отырған басты фильмнің бірі – режиссер Денис Вильнювтің Фрэнк Герберт шығармасы бойынша түсірген Дюна фильмі. Фильм сюжеті бойынша Атрейдес әулеті Арракистің құм планетасына Императордың бұйрығымен келеді. Бірақ барон Харкон сатқындық жасағаннан кейін, жас Павел шөл далада жасырынып, содан кейін фремен тайпасын басқарады.
Басты рөлдерді Тимоти Чаламет, Ребекка Фергюсон, Оскар Исаак, Джош Бролин және басқалар сомдайды.
Мәңгілік (Eternals)
Жанры: боевик, фантастика
Премьера: 4 қараша
Фильм көрермендерді адамзаттан тыс нәсілмен таныстырады. Олар адамзат пайда болғаннан әлдеқайда бұрын болған және қазір олар әлемді зұлым девианттардан қорғауды өздеріне міндет етіп алған.
Елес аулаушылар: Мұрагерлер (Ghostbusters: Afterlife)
Жанры: ғылыми фантастика, ужас, комедия
Премьера: 11 қараша
Комедиялық фильм. Сюжеті жалғызбасты ана мен оның екі баласы туралы. Олар Оклахомадағы ескі фермаға көшіп келеді. Бұл мекенде олар басқа әлем күштерін кездестіреді. Сонымен бірге олар ескі елес аулаушылардың машинасын тауып алады.
Матрица - 4 (The Matrix 4)
Жанры: Ғылыми фантастика, триллер
Премьера: 16 желтоқсан
Matrix 4 – бұл матрица сериясының кезекті бөлімі. Вачовски дуэті үш бөлімге режиссерлік етіп, сценариін жазды. Ал Джоэль Сильвер продюсер болды. Алдыңғы үш фильмнен айырмашылығы, төртінші фильм Лили Вачовски мен Сильвердің қатысуынсыз түсірілген.
Алдыңғы фильмдердегідей, "Матрица 4" сюжеті бойынша Жерге бақылау орнатқан "Матрица" компьютерлік жүйесі мен оған қарсы шыққан арнайы топ арасында соғысты баяндайды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🌉 Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысы 1 қыркүйекке дейін шектеледі
-
346
-
0
-
0
-
-
2⛵️ Жазғы демалысты қалтасы көтермейін қазақстандықтардың саны артты
-
328
-
0
-
5
-
-
3🎬 Ашаршылық туралы "Қаш" фильмі Шанхай халықаралық кинофестиваліне өтті
-
305
-
0
-
5
-
-
4✈️ "Әуе компанияларына сәлем айтыңыз". Ринат Зайытов ұшаққа домбыра алып кіруге рұқсат беруді талап етті
-
297
-
1
-
2
-
-
5👨🏭👷♂️ Біліктілігі жоқ жұмысшылардың жалақысы 2 есе артады
-
250
-
0
-
4
-
-
6Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
-
235
-
0
-
0
-
-
7🛏 Әлеуметтік осал топ санатындағы студенттердің жатақхана шығынын мемлекет төлейді
-
238
-
0
-
2
-
-
8⏺️ Қазақтың құрақ көрпесі Гиннес рекордтар кітабына енді
-
255
-
0
-
0
-
-
9😱Кісі өлтіру, зорлау, ұрып-соғу. Бес облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейген
-
247
-
0
-
1
-
-
10🎾 Қазақстандық теннисшілер Ролан Гаррос турнирінде қанша табыс тапты?
-
273
-
0
-
0
-