Тікелей эфир

Джефф Безос пен Илон Маск әлемнің ең бай адамдарының көшін бастады. Рейтингке қазақстандық алты азамат енді

Әлемдік Forbes рейтингіне Kaspi.kz негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе алғаш рет қосылды.

Forbes журналы әлемдегі ең бай адамдардың жаңартылған тізімін жариялады. Әлемдік рейтингтің бестігін келесі азаматтар иеленген: 

  1. Джефф Безос. Дәулеті – 177 млрд АҚШ доллары;
  2. Илон Маск. Дәулеті – 151 млрд АҚШ доллары;
  3. Бернар Арно. Дәулеті – 150 млрд АҚШ доллары;
  4. Билл Гейтс. Дәулеті – 124 млрд АҚШ доллары;
  5. Марк Цукерберг. Дәулеті – 97 млрд АҚШ доллары.

Тізімге Қазақстаннан Kaspi.kz негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе, сондай-ақ Freedom Finance компаниясының басшысы Тимур Турлов алғаш рет қосылды. Рейтингте барлығы қазақстандық алты азаматтың аты аталған:

  • Владимир Ким. Дәулеті – 4,6 млрд АҚШ доллары. Әлемдік тізімде 622-орынды иеленді;
  • Болат Өтемұратов. Дәулеті – 3,4 млрд АҚШ доллары. 891-орын;
  • Вячеслав Ким. Дәулеті – 3,3 млрд АҚШ доллары. 925-орын;
  • Михаил Ломтадзе. Дәулеті – 2,3 млрд АҚШ доллары. 956-орын;
  • Тимур мен Динара Құлыбаевтар. Әрқайсының дәулеті – 2,8 млрд АҚШ доллары. 1 111-орын;
  • Тимур Турлов. Дәулеті – 2,2 млрд АҚШ доллары. 1 517-орын.

Оқи отырыңыз: Қазақстан экономикасы 5 жылда қалай өзгереді? CSI болжамы


 

Серіктестер жаңалықтары