
"Аманат" – Батырхан Шүкеновтің альбомына енген туынды.
Димаш Құдайберген YouTube арнасында "Аманат" атты композиция видеосын жариялады. Әнші бұл әнді 2020 жылы 16 қаңтарда өткен Dimash Digital Show атты алғашқы онлайн концертінде орындаған.
Димаштың Еуразиялық фанклубы концертте 19 композиция орындалғанын хабарлады. "Olimpico", "Give me your love", "S.O.S", "War and Peace", "Любовь уставших лебедей", "Махаббат бер маған", "Қарағым-ай", "Қайран Елім", "Screaming" секілді бұрыннан орындап жүрген әндерінен бөлек Димаш концертте "Өмір өтер", "Киелі мекен", "Be with me" секілді жаңа әндерді шырқады. Онлайн форматта өткен концертті әншінің 100-ден астам елде тұратын жанкүйерлері тамашалады.
"Аманат" әнін ең алғаш Батырхан Шүкенов орындаған. Бұл композиция музыкант қайтыс болғаннан кейін 2015 жылы 27 қарашада Батырхан Шүкенов атындағы қордың қолдауымен жарық көрген "Аманат" атты альбомға енген. Музыкасын Қуат Шілдебаев, сөзін Абдрахман Асылбеков жазған.
"Жарығым, жаным, кең дала,
Арайлы таңым сен ғана,
Аймаладың мені алтын анамдай.
Аяладың мені жарқын балаңдай..." – деп басталатын "Аманат" әні – Батырхан Шүкенов орындаған, болашақ ұрпақтың Отан, қоршаған орта және адамдар алдындағы жауапкершілігін ұғындыратын әні. Музыкант "Отан Ана", "Сағым Дүние" әндерінен кейін осы туынды арқылы композитор Қуат Шілдебаевпен бірге отан туралы әдемі триптихке нүкте қойған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿Азия ойындары: бүгін Қазақстан құрамасы қандай жарыстарға қатысады
-
286
-
1
-
8
-
-
2🥤Қазақстанда алкогольсіз сусындар өндірісі артты
-
260
-
0
-
9
-
-
3🧑⚖️Павлодарда студентке қол көтерген колледж оқытушысының үстінен іс қозғалды
-
244
-
0
-
6
-
-
4🥳🥈Қоржынға тағы екі күміс медаль
-
238
-
0
-
10
-
-
5🏅Төртінші алтын!
-
237
-
0
-
14
-
-
6💵Маңғыстау облысында алимент төлеуден жалтарған 65 тұрғын жауапқа тартылды
-
225
-
0
-
5
-
-
7💊Астана полицейлері мефедронның 2 мыңнан астам дозасын тәркіледі
-
207
-
0
-
5
-
-
8🐬Бразилияда 39 Цельсия градусқа (Фарангейт бойынша 102 градус) дейін көтеріліп, 100-ден астам дельфин қырылып қалды
-
210
-
0
-
6
-
-
9📣Қазақстанның бірқатар өңірлерінде нысандарға жылу беріле бастады
-
208
-
0
-
5
-
-
10💬Жеке деректері қолды болған қазақстандықтарға SMS арқылы хабар беріледі
-
205
-
0
-
2
-