Тікелей эфир

Бүгін колледжде тегін оқуға өтінім қабылдау басталды. Алматыда жобаға қалай қатысуға болатынын түсіндіреміз

Қала бойынша 53 колледждің қабылдау комиссиялары өтінімді электронды түрде қабылдау жұмысын бастады.

Жобаға кімдер қатысады?

Үміткерлер үшін нақты критерийлер қойылған. Колледжде тегін оқуға биылғы және өткен жылдардың 9-11 сыныптардың түлектері өтінім бере алады. 

Өтінімді қалай беру керек?

Өтінім беру үшін "Алматы қаласының колледждерінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға электрондық өтінімдерді қабылдау" сервисі іске қосылған. Бұл сайтта жобаға қатысушыларға арналған нұсқаулық пен колледжер мен мамандықтар тізімімен танысуға болады. 

Өтінім беру үшін келесі жеті қадамды орындау керек: 

№1. Тіркелу

Бұл үшін тіркелу бөліміндегі барлық өрістерді толтыру қажет:

  • толық аты-жөні;
  • байланыс нөмірлері;
  • электрондық пошта;
  • ЖСН;
  • құпия сөз;

Бұл мәліметтерді енгізгеннен кейін жеке деректерді өңдеуге келісім беру арқылы сайтқа тіркеле аласыз.

№2. Кәсіби диагностикадан өту

Бұл – ерікті шарт. Қалауыңыз бойынша, кәсіби бағытыңызды анықтау үшін тест тапсыруға болады. Тест нәтижесі Сіздің бейіміңізді анықтауға көмектеседі. Мамандық таңдауда қателеспеу өте маңызды. 


Оқи отырыңыз: KIMEP университеті тұрмысы төмен отбасынан шыққан жастарға 35 білім грантын бөледі


№3. Өтінім беру

Өтінім беру бөліміндегі барлық өрістерді толтыру қажет:

  • толық аты-жөні;
  • білімі;
  • оқыту тілі;
  • ЖСН.

Сондай-ақ, білім туралы аттестаттың сканерленген нұсқасын қосымшасымен бірге тіркеу қажет.

№4. Мамандық және колледж таңдау

Бірінші жолда сіз үшін ең жоғарғы басымдыққа ие колледж бен мамандықты, төртінші жолда ең аз басымдылыққа ие колледжді және мамандықты таңдағаныңызға назар аударыңыз.

№5. Баға толтыру

Сұрау бойынша білім туралы аттестат бойынша бейіндік пәндердің бағаларын толтырыңыз.

Ескерту: жалған не қате мәліметтерді енгізу оқуға түсуге зиянын тигізуі мүмкін. 


Оқи отырыңыз: PhD докторанттар енді дисстертация жазбай-ақ ғылыми атақ қорғай алады


№6. Квотаны растау

Бұл бөлімде сізде әлеуметтік жеңілдік бар-жоғын растау қажет. Егер сіз оқуға квотасы бар адамдар санатына жатсаңыз, "иә" батырмасын басып, растайтын құжатты тіркеуіңіз қажет. Квота болмаған жағдайда "жоқ" жауабын енгізу арқылы дереу келесі бөлімге өтесіз. 

№7. Мәліметтерді тексеру

Толтырылған өтінімді мұқият тексеріңіз. Енгізілген мәліметтер дұрыс екеніне көзіңіз жеткен жағдайда өтінімді жобаға жіберіңіз.

Алматы қаласындағы колледждердің тізімін осы жерден жүктеп алуға болады. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары