Қазақстандықтар 2021 жылғы 25 мен 31 наурыз аралығында үміткерлерге дауыс бере алады.
Бір IP-мекенжайдан әр номинациядағы бір адамға ғана дауыс беруге болады. Қатысушының дауыстары жоғарғы оң жақтағы сауалнамада көрсетіледі. Құқық бұзушылықтар не өзге де бұрмалаушылықтар, оның ішінде онлайн-дауыс беру кезінде дауыстарды бұрмалау анықталған жағдайда, ұйымдастырушылар қатысушыны жобадан шығару құқығын өзіне қалдырады.
Дауыс беруші 100janaesim.ruh.kz сайтындағы қатысушының парақшасына өтіп, фотосуреттің астындағы "Дауыс беру" түймесін басуы қажет. Дауыс беруді таңдаумен терезе ашылады, мұны екі жолмен жасауға болады:
- әлеуметтік желілер;
- электрондық пошта арқылы.
Электрондық поштаны таңдағанда, поштаға дауыс беру парағына енгізілуі керек код келеді. Әлеуметтік желілер арқылы дауыс беруді таңдаған кезде авторизациядан өтіп, содан кейін дауыс беру керек.
Оқи отырыңыз: "100 өлең" байқауының жеңімпазына автокөлік сыйға беріледі
Дауыс беру кезінде ең көп балл жинаған және беделді қазылар алқасы іріктеген қатысушылар жобаның жеңімпаздары болып атанады. Биылғы жылы қазылар алқасының мүшелері арасында өткен жылдардағы жобаның жеңімпаздары да бар.
"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа қол жеткізген әр түрлі өңірлерден, әр түрлі жастағы және әр этнос өкілдерінен шыққан нақты адамдардың тарихы. 2017 жылы бұл жобаның бастамашысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болды.
Қатысушылардың өтінімдерін қабылдау 23 ақпан мен 21 наурыз аралығында жүзеге асырылды. Осы уақыт аралығында Қазақстанның барлық өңірлерінен 7 номинация бойынша 2 790 өтінім келіп түсті. Сауалнамалар мәдениет және спорт, білім және қоғам номинациялары бойынша көптеп келді. Сондай-ақ, биыл жаңа "Экология" номинациясы қосылды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-