Тікелей эфир

БҚО-да мұнай-газ компаниясының жұмысшылары тамақтан уланып ауруханаға түсті

Уланғандардың екеуі жансақтау бөліміне жатқызылды.

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласындағы Halliburton ірі мұнай-газ компаниясының жұмысшылары уланып ауруханаға түсті. Олардың екеуі жансақтау бөліміне жатқызылды. Instagram әлеуметтік желісіндегі zhaloba_aksay_official парақщасында пайда болған ақпаратты БҚО денсаулық сақтау басқармасы растады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 🇰🇿Жалобы и Отзывы г.Аксай ЗКО (@zhaloba_aksay_official)

Ведомство өкілдері 12 мамырда Бөрлі аудандық ауруханасына уланған бес науқас түскенін хабарлады.

"Екі науқастың жағдайы ауыр болды, олар реанимацияға жатқызылды. Біреуінің жағдайы жақсарып, 13 мамырда жұқпалы аурулар бөлімшесінің палатасына ауыстырылды. Ал, екіншісі сол бөлімшеге 14 мамырда жатқызылды. Қалған үшеуінің денсаулығы орташа ауырлық дәрежесінде жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды", – деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда алкоголь мен дәріден уланғандар саны көбейді


Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасы 13 мамырда ауруханаға тағы бір науқас түскенін атап өтті. Олардың барлығының жағдайы орта дәрежелі ауырлықта. Барлығына тамақтан улану диагнозы қойылды.

"Қазір санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлері Halliburton мекемесіне тексеріс жасап жатыр. Соның нәтижесі бойынша нақты себептері белгілі болады", – деді Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов. Ол жағдайдың бақылауда екенін атап өтті.

Halliburton – американдық трансұлттық корпорация, мұнай және газ өндіру саласында сервистік қызмет көрсететін әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі. Компания өз қызметтерін әлемнің 80-нен астам елінде ұсынады, оның құрамына жүздеген еншілес және тәуелді ұйымдар, бөлімшелер мен филиалдар кіреді.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары