Тікелей эфир

"Болашақ" стипендиясының талаптары тағы да күшейді. Үміткерлер нені білуі тиіс?

Сурет test.infotk.kz сайтынан алынды
Сурет test.infotk.kz сайтынан алынды
Енді үміткерлер шетелдік ЖОО-на өз бетінше түседі, тілдік дайындық курсынан өтпейді және IELTS сынағынан 6.5 балл жинауы тиіс.

Білім және ғылым министрлігінің нормативтік-құқықтық актілеріне "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға байланысты өзгерістер енгізілді.

Осы орайда Informburo.kz стипендия үміткерлеріне қойылатын жаңа талаптарды түсіндіреді.

№1. Үміткер ЖОО-ға өз бетінше түседі

Стипендияға үміткерлердің барлығына бірдей мүмкіндік беріледі. Үміткерлердің барлық жеңілдік квота санаттары алынып тасталады. Олар енді шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетінше түсуі тиіс.

№2. Тілдік дайындық курстары болмайды

Ауылдық жерден шыққан үміткерлерді қоспағанда, бұрын ұсынылған алдын ала тілдік дайындық курстары алынып тасталды. Халықаралық стипендияға үміткерлерге қойылатын мемлекеттік және шет тілдерін білу талаптарын арттыру іріктеу турлары шеңберінде тілдерді білу деңгейін тексеру алып тасталған.

№3. IELTS-тан кемінде 6.5 балл жинау керек

Үміткерлер өз бетінше тест тапсырады. Құжат өткізгенде мемлекеттік (KazTEST В1) және шет тілінен (кемінде IELTS 6.5) сертификат ұсынуы тиіс.

Оқи отырыңыз: Бүгін бала – ертең студент. Оның болашақта сапалы білім алуына қалай қаражат жинауға болады?

№4. Басым мамандықтардың жаңа тізбесі

Стипендия алуға болатын басым мамандықтар тізбесі кәсіпорындар мен ұйымдарға қажет жоғары білікті кадрларды даярлау мақсатында еңбек нарығы қажеттіліктеріне қарай әзірленеді. Оны жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары мен талдау негізінде жасайды.

№5. Конкурстық іріктеу турлары қысқарады

Конкурстық іріктеу кезіндегі 6 турдың орнына барлығы 3 тур болады. Уәждемелік және ұсыныс хаттарын бағалау, сондай-ақ мемлекеттік және шет тілдерін білу деңгейін анықтау бойынша іріктеу турлары қысқарады.

Іріктеу туры:

  • зияткерлік және эмоционалдық IQ деңгейін анықтауға арналған кешенді тестілеу;
  • тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен жеке әңгімелесу;
  • шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның үміткерлерді қарастыруы.

№6. Тәуелсіз сараптамалық комиссияның жұмысы күшейеді

Комиссия құрамындағы 3 адамның орнына кемінде 5 адам шешім қабылдайды. Үміткерлерді іріктеудің бүкіл процесі және барлық комиссия отырыстары онлайн көрсетіледі. Комиссия қоя алатын барлық сұрақ, оның ішінде қосымша сұрақтар да нақты регламенттеледі.

Оқи отырыңыз: Мектеп пен ата-ана арасындағы шарт. Не үшін қажет және қалай жасалады?

№7. Құжаттарды қабылдау мен конкурстық іріктеу рәсімі автоматтандырылады

eGov.kz порталы арқылы үміткерлердің құжаттарын қабылдау процесі толықтай автоматтандырылды. Адами фактордың қатысуын азайту мақсатында конкурстық іріктеу кезеңдерінің автоматтандыружұмыстары жүргізілуде. Бүкіл іріктеу процесі Президенттік кадрлық резервке іріктеу үлгісі бойынша цифрлық платформаны пайдалану арқылы жүргізіледі.

№8. Халықаралық бағдарламалар орталығының қызметі

Орталықтың директорлар кеңесіне 4 тәуелсіз директор қосылды. Шетелдегі өкілдіктер саны, екі кеңесші мен орталықтың бір вице-президенті лауазымы қысқартылып, штат қысқарды.

Шиеленістерді реттейтін, заңнама бұзу мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға маманданған комплаенс-офицер лауазымы енгізілді.

Конкурстың барынша ашық өтуі мен объективті шешім қабылдау мақсатында бос лауазым орындарына жаңа қызметкерлерді қабылдауды цифрландыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: АҚШ университеттеріне оқуға түсу үшін қалай дайындалу керек?

Анықтама:

"Болашақ" халықаралық стипендиясымен 26 жылы ішінде 10 738 маман даярланды:

  • 7 226 түлек шарттық міндеттемелерін орындады;
  • 3 331 түлек еңбекпен өтеу мониторингінде, оның ішінде 3 282 адам жұмысқа орналасқан.

Сұранысқа ие мамандықтар:

  • ақпараттық технологиялар мен жүйелер;
  • есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету;
  • журналистика және коммуникациялық менеджмент;
  • қоғаммен байланыс және жарнама;
  • сәулет және құрылыс;
  • жобаларды басқару;
  • педагогика;
  • құқық;
  • мұнай-газ ісі.
Серіктестер жаңалықтары