Тікелей эфир

Биыл 9 822 оқу озаты "Алтын белгіге" үміткер

150 мыңға жуық оқушы 11 (12) сыныпты аяқтайды.

Енді "Алтын белгі" төсбелгісіне үміткерлердің емтихан жұмыстарын білім басқармалары жанындағы комиссиялар қарайды. Мектептер бұрынғыдай оқу озаттарының тізімін өздері жасай алмайды, деп хабарлайды Информбюро Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комиссия емтихан жұмыстарын тексергеннен кейін нәтижелерін білім беру ұйымдарына жіберіп, мектеп директорының бұйрығымен төсбелгі иегерлерінің тізімі бекітіледі. 2020-2021 оқу жылында "Алтын белгіге" 9 822 оқу озаты үміткер болып отыр.

"Бұрын мектеп пен білім бөлімдері үміткерлердің жұмысын өздері тексеріп, "Алтын белгіні" тапсыру туралы шешім қабылдайтын. Ал, қазір, кеңестік кезеңдегідей, емтихан жұмыстарын облыстық немесе Республикалық маңызы бар қаланың білім басқармасы жанындағы комиссия тексереді. Комиссия құрамына білікті, тәжірибелі пән мұғалімдері кіреді. Осыдан кейін ғана мектеп үздік оқушылардың тізімін бекітеді", – деді БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова.


Оқи отырыңыз: "Алтын белгі" иегерлері неге мұғалім болғысы келмейді? Министр түсіндірмесі


Биыл 11 (12) сынып оқушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары 2021 жылғы 1-10 маусым аралығында өтеді. 12 маусымға дейін емтихан жұмыстарының қорытындысы шығарылып, "Алтын белгі" иегерлерінің тізімі бекітіледі.

2020-2021 оқу жылында 3,4 миллионнан астам оқушы мектепте білім алды. Олардың 150 мыңға жуығы 11 (12) сыныпты аяқтайды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары