USD: 466.7 / 469.1
  • EUR: 533.5 / 538.5
  • RUB: 5.63 / 5.75
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Бүгін салықтық рақымшылық жасау туралы заң күшіне енді. Рақымшылыққа ілігу үшін не істеу керек?

Сурет informburo.kz
Сурет informburo.kz
Салықтық рақымшылық туралы заңға кімдер ілігеді? Бай да, жарлы да рақымшылыққа іліге ме? Салықтық берешегіңіздің бар-жоқтығын қалай білесіз?

12 шілде Үкіметте өткен баспасөз мәслихаты жеке тұлғалардың салықтық қарызын төлеуге рақымшылық жасауға арналды.

Жеке тұлғалардың салықтық борышын кешіретін заң күшіне енді


Қанат Байеділов

ҚР Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов / Сурет informburo.kz

Бүгінгі таңда салықтық рақымшылық беретін заңға Мемлекет басшысы 4 шілдеде қол қойды және ол 5 шілдеде ресми жарияланды. 16 шілдеден, яғни бүгіннен бастап қолданысқа енгізіледі.

– Салықтық рақымшылық қағидалары Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілетін болады және жақын арада барлық аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің назарына жеткізіледі, – деді вице-министр Қанат Баеділов.

Салықтық берешек мөлшері

Вице-министрдің айтуынша, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша:

  • Салықтық қарызы барлар – 1,4 млн жеке тұлға;
  • Жалпы борышы – 20,9 млрд теңге;
  • Оның ішінде негізгі борыш - 14,3 млрд теңге;
  • Есептелген өсімпұлдар – 6,6 млрд теңге.
Осы 6,6 млрд теңгені кешіруді жоспарлап отыр.

Салықтық қарыздың басым бөлегі көлік құралдарына тиесілі

Министрлік өкілінің айтуынша:

  • Жалпы борыштың 70% (14,4 млрд тенге) салық авто транспорттікі;
  • 12% (или 2,5 млрд тенге) – жерге қатысты салық;
  • 6,7% (или 1,4 млрд тенге) – мүліктік салық.

Қай өңірде борышкер көп?

  • Шымкент қаласында – 148 мың адам;
  • Түркістан облысында – 139 мың адам;
  • Жамбыл облысында – 116 мың адам;
  • Нұр-Сұлтан қаласында – 114 мың борышкер бар.

Салықтық қарыз көп өңір:

  • Алматы қаласы – 5,5 млрд теңге;
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 2 млрд тенге;
  • Маңғыстау облысы – 2 млрд теңге;
  • Шымкент қаласы – 1,6 млрд теңге қарызы бар.

Салықтық рақымшылыққа қымбат көлік иелері де ілігеді

– Салықтық қарызы бар 1,4 млн жеке тұлғаның барлығы ілігеді. Оның ішіне, Қазақстанда тіркелген көлік қана бар. Ал шетелде тіркелген көліктерге қатысты салықтық берешек рақымшылыққа ілікпейді, – деді Олжас Отар.

Олжас Отардың айтуынша, қымбат джип көлігіне салық төлемеген бақуатты адамдар да, тұрмысы төмен отбасылар да жер және көлік құралдары үшін бірдей салықтық рақымшылыққа ілігеді.

Сонымен бірге кәсіпкерлік қызмет салықтары бойынша берешегі бар жеке тұлғалардың да рақымшылыққа ілігу мүмкіндігі бар.

Бұл жерде көрсетілген берешектің 2002-2003 жылдары салық органдарының жергілікті жүйеден жалпы республикалық салықтық ақпараттық жүйеге (БСАЖ) көшуі кезінде пайда болғанын айтып өткен жөн.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сомасы 700 млн теңгеге, оның ішінде негізгі борыш – 400 млн теңге, өсімпұл – 300 млн теңге болатын мұндай салықтық берешек 16 мыңнан астам жеке тұлғада болған.

Сот орындаушыларына жіберілген борышкерлер де рақымшылыққа ілінеді. Қалай?

ҚР Қаржы министррлігі Жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы Олжас Отар:

– Біз "Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылдық жасау туралы" тапсырмасы түскен күннен бастап ешкімді салық төлемегені үшін сотқа жібермеуге тырыстық.

Ал одан бұрын салықты уағында төлемеген жағдайда бұйрық шығарып, сот орындаушыларына жіберіліп қойған болса олар енді салық бойынша негізгі қарызын төлесе болды. Айыппұл мен өсімпұл кешіріледі, – деді.


Олжас Отар

Олжас Отар / Сурет informburo.kz

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау