QR код Ashyq жобасына қатысатын мекемеге бармас бұрын мәртебеңізді алдын ала білуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда Ashyq қосымшасы арқылы сканерлеп, мәртебесін тексеруге болатын, QR код орналастырылған сайт әзірленді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов мәлімдеді.
Мұндай қызмет арқылы азаматтар мәртебесін алдын ала біле алады.

"Азаматтардың Ashyq жобасындағы мәртебесіне қатысты көптеген сұрақ қояды. Олардың пікірін ескере отырып, әр адам QR-код арқылы өз мәртебесін QR-код арқылы бейтарап кіріп, тексере алатындай қызмет жасадық", – деді вице-министр.
Ол ПТР-тест тапсырған әр азамат мәртебесін әдепкі қалпы бойынша біледі. QR код арқылы мәртебе зертханалар әр азаматтың дерегін енгізетін Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтер базасынан алынады.
Ashyq – бұл келушілерді қоғамдық орындарда тіркеуге арналған қосымша. Бүгінде бұл жобаға сегіз облыстан 500-ден астам нысан қатысады.
Қоғамдық орынға кірмес бұрын қосымша пайдаланушысы арнайы QR кодпен сканерлеп, нәтижесін кіреберісте әкімшіге көрсетеді. Код келушінің мәртебесін анықтайды. Мәртебе ПТР зерттеудің бірыңғай интеграциялық порталының ақпараттық жүйелерімен және Денсаулық сақтау министрлігінің Сovid-19 басқару орталығымен салыстырып тексеру негізінде беріледі.
- "Қызыл" мәртебе ПТР-тест тапсырып, коронавирус анықталған адамға беріледі. Мұндай мәртебе иелеріне үйде оқшаулану режимін қатаң сақтауға тиіс.
- "Сары" – байланыста болған адамдарға берілетін мәртебе. Оларға азық-түлік алуға немесе үйдің жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етілгенімен, басқа қоғамдық орындарға баруға тыйым салынады.
- "Көк" ПТР-тест (мысалы әуежайда) талап етілетін жерлерден басқа кез келген жерде еркін қозғалу дегенді білдіреді.
- "Жасыл" – бұл шектеусіз емін-еркін жүруге болады деген сөз.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚘 "Бірнеше жол апатына себеп болды". Қызылорда облысының тұрғындары қалаға аса қауіпті жолмен қатынап жүр
-
324
-
0
-
1
-
-
2🇰🇿 Қазақстанға оралған қандастар қай өңірге жиі қоныстанады?
-
296
-
0
-
0
-
-
3🌊 Жыл басынан бері 45 адам суға батып кеткен, оның 14-і – балалар
-
274
-
0
-
0
-
-
4👮♂️ Азаптау фактісі: Күштік органдардың 39 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылады
-
266
-
0
-
2
-
-
5Этникалық қазақтарға арналған "Ата жолы" картасы шілде айында іске қосылады
-
261
-
0
-
2
-
-
6👨👩👧👧🚫 Қазақстанда жұптар қандай себеппен жиі ажырасады?
-
299
-
0
-
0
-
-
7🏇 Ұлы дода: Көкпардан үш лигадан тұратын ел чемпионаты өтеді
-
283
-
0
-
0
-
-
8🏆 Astana Musical театры Кореяда өткен халықаралық фестивальде екі номинация жеңіп алды
-
322
-
0
-
0
-
-
9👦💵 Күтуші, курьер, промоутер. Жасөспірімдер жазда жұмыс істегені үшін қанша жалақы алады?
-
319
-
0
-
0
-
-
10📚 "Шұғылалы ертегілер": Астанада заманауи ертегілер кітабының тұсаукесері өтті
-
264
-
0
-
0
-